Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 50771
    Дата: 07.11.2019 12:50:04
    Аты-жөні: :Жузжасаров Тимур
    Сұрақ:
    Астана қаласы Есіл ауданы прокуратурасына Астана қаласының Білім саласындағы бақылау департаментіне Астана қаласының Білім басқармасына Нұр-Сұлтан қаласы Е49 көшесі 4 В үй 81 пәтер тұрғыны Жүзжасаров Т.Ж. Тел 8777-553-37-37 Мен, Жүзжасаров Тимур Жарылкапович қызым Жарылқап Айзере Тимурқызы 2004жылы туылған, Астана қаласы, Достық көшесі 13/1 үйде орналасқан Алпамыс шағын орталығына барады. Менің жұмыс орным Министрліктер үйінде болған соң, жұмыстан сағат 18-30 шыққан соң алып кетем деп сол орталыққа берген болатынмын. Күнделікті сағат 17-30ға дейін алып кетіп жүргенбіз, кешіксек топтағы апайға хабарласамыз. Сонымен қатар сол топта жақын досым Боданов Тимурдың қызы Жанель деген қызбен бірге алып барып, алып келеміз. Балалар түстен кейінгі топқа барады. Біздің күнде барып жүрген тобымыздың тәрбиешісінің кішкентай баласы сырқаттанып, біздің тобымыздың балаларын 06.11.2019жылы басқа топтағы балаларымен бірге отырғызған. Сол күні сағат шамамен 18-05 де балаларды жолдасым Бисариева Динара барып алып кеткен. Ол кісі күндегі уақыттан жарты сағатқа кешігіп келген. Себебі жол тайғақ және банктен кеш шыққан. Бұл күні ауа райы суық және жол тайғақ болды. Динараға бүгінгі барған топтағы Роза деген (аты солай болуы керек қателеспесем) тәрбиешісі хабарласқан ол кісі қазір келім қалдым күте тұрыңыз деп өтініш жасаған. Алайда ол тәрбиешісі сол екі қызды (Айзере мен Жанельді) сағат шаммен 17-30 дан бастап сырттқа, ғимараттың сыртына ол жерде күн суық болсада алып шығып тұрған, содан менің қызым суықтан тоңып және сол тұрған жерінде кішкентай дәреттке (бұтына сиіп қойған) жіберіп қойған (қажет болса суреті де бар). Жолдасым балаларды тәрбиешіден орлалықтың алданда ғимартттың сырттында тұрған жерінен алған, алған кезде тәрбиешіміз өте ашуланып тұрған. Динара ол кісіден кешіккені үшін кешірім сұрап, басқа ештеңе демей балаларды алған. Алайда алған соң қызым Айзере «мама мен жүре алмаймын» деп жылап жіберген. Сол кезде балаға қараса бала далада тұрып тоңып қалған, және кішкентай дәретін жіберіп қойып тоңып жүре алмай тұрған. Содан шамамен маған 18-15 те хабарласты, мен екі қызбен бірге сол шағын орталыққа қарама қарсы Москва бизнес орталығына, достық көшесі арқылы, бағдаршаммен емес, арнайы жолдың жаяу жүргіншілеріне арналған жолақ арқылы емес, көшені тікелей тайғанақ жолдағы өтіп жатқан автокөліктердің арасынан өтіп жоғарыдағы аталған бизнес оралығының ішіне кіріп балаларды жылытқан. Жолды екі кішкентай баламен арнаулы жолмен емес жерден өткенін көрген жол патрульдік қызметкерлері келіп ол кісіге айыппұл салмақшы болған. Алайда ол кісілерге болған жағдайды айтқан соң, айыппұл салуға адамгершіліктері бармаған. Жолдасым қыздардан не болғанын сұрағанында, Жанель тағы сәл кешіккеніңізде, Айзере бұтына тышып қояр еді және апайы басқа топтың балаларын қарағаны үшін өте дөрекі сөз айтқан «Евтаймать балдырғанның қыздары» деп. Ол кісі негізгі топтағы өзінің әріптесінің кесірінен, үйіне ерте қайта алмағанына қатты жынданған. Маған жолдасым хабарласқаннан соң мен ол кісіге хабарлассам, ол кісі неге уақтылы алмайсыз және басқа топтың балалары үшін неге мен жауап беруім керек, сонымен қатар жарайды апай біз балаларды алу үшін кешігіп келе жатқанымызды сізге звандап «келіп қалдым деп» айтқан, алайда балаларды сыртқа алып шық деген жоқ қой, неге балаларды далаға алып шықтыңыз десем, келіп қалдым деген соң алып шықтым дейді, жарайды алып шықтыңыз, енді көріп тұрсыз ғой алып кететін адамның кешігіп жатқанын, неге қайта ғимараттың ішіне кіргізбейсіз десем, охранниктер есікте ашпайды дейді, енді бала тоңып қалыпты десем содан кіші дәретке жіберіп қойыпты десем, ол іште тұрғанда тоңып қалған шығар және бала 5-ке келген ол өзі айтуй керек сыртқа шығатынын дейді, сонда ол орталықтың жұмыс кестесі сағат 17-30 да бітіп ішіндегі балаларды сол мезетте сырттқа шығарып жібере бере ме?. Ол орталықта балалар тоңбайтындай жылу жоқ болмағаны ма?. Мына өмірде адам өз алдына 5-минуттан соң не болатынын ешкімде білмейді. Сонда балаларды алуға келе жатқанда, алатын адамға бір жағдай болса, сонда ол кісі арғы дүниеден (бетін аулақ қылсын) келгенше балаларды далаға шығарып ұстап тұратын, ол қандай орталық және ол қандай тәрбиеші?. Осы ата аналардың сылтауы бітпейді? Қашан қарасаң әр күні әр ата ананың проблемасымен жұмыстан кешігіп шығамын дейді. Ол кісілер күнде 17-30да жұмыстан шығуы керек болғаны ғой. Енді сіздің жұмысыңыздың өзі көпшілікпен байланысты, өзіңіз таңдаған мамандық, әлде ол кісіні біреу зорлап жұмыс істетіп отыр ма? Бұндай жағдай алғашқы емес және соңы емес, әркімнің әр күні әр түрлі тіршілігімен кешігіп келеді, соған көнгеніңіз үшін Сіз тәрбиешісі бола аласыз дедім. Ол кісілерге мен малымды бағуға берген жоқпын ғой!. Ол кісі балаларды сыртқа шығармай, сол ғимараттың ішінде алып отырса, ол кісіден кешіккенім үшін кешірім сұрап, керек болса мен үшін кешіккендіктен ол кісіні өз автокөлігіммен айтқан жеріне апарып тастар едім. Өмір болған соң әр түрлі жағдай болып тұрады ғой. Мына өмірде ешкімге жала жауып береке таппайсың. Егер ол кісіге жала жабар болсам, осы істегенінен басқа балаға тәрбиеші мені ұрды содан қорықтым деп қызыма айт десем ол солай айтар еді. Менің осы жазғаным ол кісінің балаларға берген тәрбиесіне ешқандай қарсылығым жоқ. Ол кісі қызыма білім беріп отыр. Алайда мына жасаған қылығы оның тәрбиеші деген атқа лайық емес екендігін дәлелдеп отыр. Мен ол кісіге хабарласқанда болған оқиғаны есітіп, қатты ашуланып, ол кісіге осы айтқандарымды қатты дауыспен айттым. ол кісі де маған қаттты дауыспен жауап берді. Шаммаен сағат 21-30дарда ол кісі маған хабарласып маған бір мысқылдап күлгендей қылып кешірім сұрап тұр. Мен ол кісіге ештеңе демей жарайды дедім де қоя салдым. Жауап бермегенім ол кісімен сөйлесіп береке таппайтынымды ұқтым және ондай тәрбиеші ол мамандыққа лайық емес деп ойладым. Осы айтылғандарды ескере отырып Сіздерден сұрайтыным, ол шағын орталықта алдағы кезде мұндай жағдайдың қайталанбауын және балаларды уақтылы алу бойынша бүгін мен кешіксем ертең екінші, арға күні үшінші т.с.с басқа да ата-аналар кешігіп келеді, ол ешқашан бітпейтінін түсінуін, осындай жағдай болмауы үшін орталықта кезекші тәрбиешінің болуын және қандай жағдай болғанда да, адам болып қалуын, кез келген жағдайда ол кісілер малды емес адамды тәрбилеп отырғанын сезінуін қалар едім. Сонымен қатар ол орталықтың жұмыс уақтысы нешеден нешеге дейін соны анықтап берулеріңізді және алдағы кезде баланы 18-30 да алуға болатынын немесе болмайтынын анықтап берулеріңізді. Менің негізгі мақсатым біреудің үстінен ғибатат сөздер айту емес алдағы кезде мұндай жағдайдың қайталанбауына, мына қысқа ғана өмірде және кез-келген жағдайда адамгершілікке салуын қалар едім. Осы айтылғандардан заң талабына сай шешім шығарады деп сенемін. Жузжасаров Т.Ж. 07.11.2019ж.
    Жауап күні:
    9 қараша, 2019 - 10:55
    Жауап:
    Құрметті блог пайдаланушысы Тимур Жарылқапұлы Жүзжасаров! Нұр-Сұлтан қаласының Есіл ауданы прокурорының атына жазылған сұрағыңыз, Сізбен блогқа орналастыру кезінде Ақмола облысының прокуратурасы деп қате таңдалды. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласының Есіл ауданы прокурорының блогына жүгінуіңіз керек. Ақмола облысының прокуратурасы
  • Сұрақ №: 40660
    Дата: 03.03.2018 20:27:14
    Аты-жөні: Искендиров Жансерик
    Сұрақ:
    Саламатсызба мен Искендиров Жансерик Жандарбекович ЖШС "ЖарықТехноСервис" басшысы сізге хат жолдап отырган себебім 2017 жылы мемлекеттік сатып алу парталы арқылы "Жылу Кокшетау" трактордың маторын жөндеп беру туралы жұмысты жеңіп алып оны 2017 жылдың 27 желтоқсан аиында жұмысты бітіріп актыге қол қойылған болатын. Бірағында осы уақытқа деиін ешқандайда төлем жасалмады, 2018 жылдың қаңтар айында Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасына хаббарласып барлық жағдайды түсіндірген кезде олар "Жылу Кокшетау" ға хат жолдаған "Жылу Кокшетау" өзінің хаттында 2018 жылдың 1-ші наурыз айына деиін барлық сомманы төлеп береміздеп хатқа жауап берген. Осы жоғарыда атап көрсеткен жағдай бойынша қазір мен жұмысым тоқтап тұр және заң бойынша жұмыс біткен соң актіге қол қойылған ақша төлембесе 30 күн өткен соң сотқа жолдауым керек еді бірағында менде ақшаның қысымдығынан арыздың мемлекеттік пошлинасын төлеиалмаи отырмын. Осы уақытқа деиін өзбасым бірнеше рет "Жылу Кокшетау" басшысына және бас бухатеріне телефон арқылы хаббарласқам бірақта хатшы қыз ешкімдіде телефонға шақырмады. Сізден сұрана отырып "Жылу Кокшетаудан" өзімнің істеген жұмысым бойынша ақшамды өндіруге қолдау беруіңізді сұраимын. ұялы телефон 87757238353
    Жауап күні:
    11 мамыр, 2018 - 16:04
    Жауап:
    «ЖарықТехноСервис» ЖШС директоры Ж. Ж. Искендировке Құрметті блог пайдаланушысы –Искендиров Жансерик Жандарбекович! Сіздің «Көкшетау жылу» ШЖҚ МКК-нан келісім-шарт бойынша ақша өндіруге қолдау беру туралы өтінішіңіз қаралды. "ЖарықТехноСервис" ЖШС мен Көкшетау жылу» ШЖҚ МКК арасында келісім-шарт болғандықтан, араларыңызда азматтық-құқықтық қарым-қатынас орын алған. Осыған орай, Сіз Азаматтық кодекстің 9-бабын, Азаматтық процестік кодекстің 8-бабын басшылыққа ала отырып, өзіңіздің құқықтарыңыз бен мүдделеріңізді қорғау үшін сотқа жүзінуіңіз қажет. Ақмола облысының прокуртурасы
  • Сұрақ №: 39455
    Дата: 27.01.2018 12:34:45
    Аты-жөні: Исмаилова Бакытгул
    Сұрақ:
    Салеметсиздерме? менің жолдасым Сакбаев Нурлан Рыспекович 09.10.1982 жылы туылған ол дәл қазіргі сәтте Атбасар қаласы, 166/4 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатыр, 6 айы қалғанда мекеме бастығы Жанерке Молдакаримович пен Актанов Айбек Төлеубекович деген азаматтар оған белгісіз қағаздарға қол қойдырып, срок қосып бермекші! Недеген әділетсіз бұл заман! оған қоқан лоққы көрсеткен Айбек толеубекович пен Мурат Арманды жазаға тартуынызды сұраймыз! Жолдасымды осы 1 апта бұрын күнде ұрып соққан! алдыңғы жолы жолдасымнан ақша сұраған болатын! Қазір олар тиіспеу үшін изоляторда отыр. Арнайы облыстан барып тексеріңіздерші өтініш! оның денсаулығы нашар, қатты ауырып жатса да оны ұрып соққан, себебі қалған срогына УДО-ға заявление жазғаны үшін оған нарушениелер жазып тастаған! Өтініш тездетіп тексеріңіздерші !!!!
    Жауап күні:
    5 ақпан, 2018 - 08:59
    Жауап:
    Б.М. Исмаиловаға Алматы қаласы Құрметті Бақытгүл Мұсақызы! Сіздің Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының блогына жазған арызыңыз Көкшетау қаласының прокуратурасымен қарастырылды. Арызыңызда көрсетілген мән-жайлар аумақтығы бойынша Көкшетау қаласының құзыретіне жатпайтындығын хабарлаймыз. Осыған байланысты, Сізге Атбасар ауданының прокуратурасына өтініш білдіруіңізді сұраймыз. Қала прокуроры Е. Алмазұлы
  • Сұрақ №: 37359
    Дата: 20.11.2017 23:19:33
    Аты-жөні: Оспанова Зейнегуль
    Сұрақ:
    Мен Осапнова Зейнегуль Маратовна 07 қазан 2017 жылы дүниеге 25 жұмалық қыз баланы әкелдім. Қыздың жағдайы нашар болды. 9 күн өмір сүріп бақилық болды. Красный яр селолық гинеколог маманы менің анализимнен ауытқуларды көрседе маған айтпаған. Соны кесірінен балапанымнан айырылып қалдық. Менімен болған жағдай қайталанбау үшін Сіздерден өтініп сұрарым бұл істі қалай сот құзырына ма әлде сіздер қарайсыздар ма? Осы іс әділдігін тілеймін. Баласынан айырылған ананың жан айқайын қараусыз қалдырмайт деген ниеттемін.
    Жауап күні:
    4 желтоқсан, 2017 - 10:28
    Жауап:
    Сіздің жаңадан туған сәбидің өліміне әкеп соқтырған нашар медициналық қызмет көрсету сұрағыңыз бойынша өтініш қарастырылды. Қала прокуратурасына 2017 жылдың 28 қарашасында осыған ұқсас нашар медициналық қызмет көрсету бойынша өтініш түскені анықталды. «Жеке және заңды тұлғаларының өтініштерін қарау туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 7-бабының 6-тармағына сәйкес Сіздің өтінішіңіз Ақмола облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне медициналық қызметкершілердің қызметіне тексеріс жүргізу үшін жолданды. Жүргізілген тексеріс қорытындысы туралы Сізге Ақмола облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаментімен заңда бекітілген мерзімде хабарланады.
  • Сұрақ №: 34869
    Дата: 02.08.2017 22:34:01
    Аты-жөні: Нуркенова Жанат
    Сұрақ:
    Саламатсызба менин куйеуим Сейтжанов Жомарт Адилбекович 1991жылгы казирги кезде сотты болып жазасын Степногорск каласы ЕЦ166/11мекемесинде 3 жыл 6ай мерзиммен отеуде.Ол откен аптада жазасын женилдету мерзими уакыты келгенин ушин арыз жазып жиберген ол арыз мекемеден шыктыма билмим соган байланысты сиздерден маган кашан шыгатыны уакыты жылын тусиндирме ретинде жазып жиберсениздер сосын арыз караган жагдайда канша уакытта оны сотта арызын карайтыны жонинде де оны кашан сотка шакыртатыны бойынша улкен отиниш маган жазып жиберулеринизди отинип сураймын.1жаста улы бар али акесин кормеген.
    Жауап күні:
    4 тамыз, 2017 - 17:31
    Жауап:
    Құрметті Жанат Мейрамбекқызы! Степногорск қаласы сотына жолданған сотталушы Ж.А.Сейтжановтың отініш хаты бойынша Сіздің арызыңыз Степногорск каласы прокуратурасымен қаралды. 03.08.2017 жылы сотталған Ж.А.Сейтжановтың отініш хаты Степногорск қаласының сотына мәні бойынша қаралуы үшін жолданды деп хабарлаймыз (шығ. №30-20-42-13-252/361). Осы жауаппен келіспеген жағдайда, Сіз осы жауаптың көшірмесін қоса ұсынып жоғары тұрған прокурорға шағымдануға құқылысыз.

Беттер