Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 21538
    Дата: 08.02.2016 23:39:33
    Аты-жөні: Нұрыпбай Мақсат
    Сұрақ:
    Ақмола облысының прокуроры М. Қ. Исадилов мырзаға «Халық бірлігі» ҚБ төрағасы М.І. Нұрыпбайдан Құрметті Мұратбек Құсайынұлы! Осы жылдың 31-шілдесінде Ақмола облысы, Целиноград ауданының әкімі М. С. Таткеев мырзаға хат жазып, (көшірмесі бірге беріліп отыр) нақты мынандай сауалдарға жауап беруін өтінген едік: 1. Целиноград ауданында тұрғын үй салуға және басқа мақсаттар үшін берілуі мүмкін бірақ әлі күнге бос, игерілмей жатқан жер көлемі қанша? 2. Ауданда жеке тұрғын үй салу үшін 10 соты жер алуға арыз бергендер саны қанша адамды құрайды? 3. Қоянды ауылы маңынан 96 гектар жер бөлу туралы шешім қай жылы, кімнің шешімімен бекітілді және ол жерлер кімдерге қай уақытта берілді? Сол құжатардың көшірмесін берсеңіз? 4. Қоянды ауылы маңын игерудің бас жоспары жасалып, 29 000 отбасына жер беру шуралы шешім қай жылы, кімнің шешімімен бекітілді және ол жоспар қалай орындалуда? Сол құжаттардың көшірмесін берсеңіз? 5. Ауданда 2005-жылдан бері қанша заңды тұлға қандай көлемде, қандай мақсатта жер телімдерін алды және олардың жерді пайдалану нысаны қандай? Олардың қаншасы жерді нақты қаражатына (аукцион, тендер арқылы) сатып алды, қаншасы уақытша пайдалануға немесе жалға алды? Алайда аталған хатқа «ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 62-бабына сәйкес Сіздер құқықтарын қорғап жатқан азаматтардан сенімхат ұсыну қажет» деген жауап алдық. Бұл жердегі түсініксіз жағдай қоғамдық ұйым мемлекеттік орган немесе жергілікті әкімдіктерге хат жазып, сұрақ қоюы үшін ешқандай сенімхат талап етілмейді. Біз жазған хатта қоғамдық ұйымдар өз атынан жазып отыр және біздің қандай да бір адамдардың құқығын қорғағанымыз немесе қорғамағанымыздың хатқа ешбір қатысы жоқ еді. Біз, өз хатымызға дұрыс жауап ала алмағандықтан ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» заңының 12-бабына сәйкес жоғары тұрған органға, яғни Ақмола облысының әкімдігіне хат жазған едік. Алайда, «Ақмола облысының Жер қатынастары басқармасы» 28.08.2015 жылғы жауабында (көшірмесі бірге беріліп отыр) да адамдардан сенімхат көрсетуімізді талап етіпті. Бұл жағдай ҚР «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» заңын бұзғандық болып есептеледі. Осыған орай, ҚР «Прокуратура туралы» заңының 1-бабының 2-тармағына сәйкес жоғарыда аталған әкімдіктердің тарапынан болған заң бұзушылықты анықтау және жою жөнiнде шаралар қолдануыңызды сұраймын. «Халық бірлігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мақсат Нұрыпбай
    Жауап күні:
    2016-02-10
    Жауап:
    М. Нұрыпбайға Сіздің Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының блогына келіп түскен Ақмола облысы және Целиноград ауданы әкімдіктерінің лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттері туралы өтінішіңіз қаралды. Анықталғаны, Сіздің өтінішіңізде көрсетілген дәлелдер бойынша облыстың жергілікті атқарушы органдарының қызметінде тиісті тексерістер жүргізу қажет. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 20 қаңтардағы №4 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы прокуратурасы органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде өтініштермен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықтың 13 тармағына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың жалпы қол жетімді ақпараттық жүйелер бойынша және электрондық құжат пен электронды цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес келіп түскен өтініштері қаралуға жатады. Баяндалғанды ескеріп, Сізге сәйкес өтінішпен жазбаша немесе Ғаламтор ресурстары арқылы (электронды цифрлық қолтаңбамен куәландырылған) Ақмола облысының прокуратурасына жүгіну қажет. Облыс прокуратурасының Басқарма бастығы Е. Жүнісов
  • Сұрақ №: 20857
    Дата: 08.01.2016 17:12:45
    Аты-жөні: Акпанбекова Галия
    Сұрақ:
    Сәлеметсіз бе? Мен балама тиісті алиментті өндіріп алу жөнінде өтінішіммен соттың шешімін 20.10.2015ж каз.пошта арқылы сот орындаушыларының Степногорск территориялық бөліміне жіберген болатынмын. жіберілген тиісті құжаттармен бірге жіберіліген өтініште "Алиментті жауапкерден 01 қыркүйек 2015жылдан бастап өндіріп алу жөнінде" атап жазған болатынмын. Алимент өндіру туралы Жауапкердің жұмыс орнына жіберілген сот бұйрығына қосымша "заңды қаулымен шығарылып жіберілмеген",сот орындаушының жауапсыздығынан қазіргі күнге дейін балама тиісті ақшаны толық ала алмай отырмын. Сот орындаушы Швейпс А.В бұл іспен айналысып жатқанына 3 айдай уақыт болды, бірақ неліктен жұмысына немқұрайды қарайтынын түсінбеймін. Мен күнделікті телефон арқылы звандап бәрін түсіндіріп отырмын, соған қарамастан осындай жауапсыздық танытып отыр. Сізден,осы іске қатысты заң талабына сай көмек беруіңізді сұраймын.Рахмет!
    Жауап күні:
    2016-02-08
    Жауап:
    Г.Р.Акпанбековаға Астана қ., Б.Момышұлы көшесі 6/1 үй, 115 пәтер, Сізді, «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» ҚР Заңының 14 бабы 7 тармағының негізінде, Степногорск аумақтық бөлімнің сот орындаушылардың іс-әрекеттеріне қатысты мәселесін қарау жөніндегі 2016 жылғы 11 қаңтардағы арызыңыз қараусыз қалғаны туралы хабарлаймын. Степногорск қаласының прокурорының орынбасары Т. Оспанов орын. Клёнов Е. тел. 6-14-27.
  • Сұрақ №: 19459
    Дата: 26.10.2015 21:37:29
    Аты-жөні: Нұрыпбай Мақсат
    Сұрақ:
    Ақмола облысының прокуроры М. Қ. Исадилов мырзаға «Халық бірлігі» ҚБ төрағасы М.І. Нұрыпбайдан Құрметті Мұратбек Құсайынұлы! Осы жылдың 31-шілдесінде Ақмола ауданы, Ақмола облысы, Целиноград ауданының әкімі М. С. Таткеев мырзаға хат жазып, (көшірмесі бірге беріліп отыр) нақты мынандай сауалдарға жауап беруін өтінген едік: 1. Целиноград ауданында тұрғын үй салуға және басқа мақсаттар үшін берілуі мүмкін бірақ әлі күнге бос, игерілмей жатқан жер көлемі қанша? 2. Ауданда жеке тұрғын үй салу үшін 10 соты жер алуға арыз бергендер саны қанша адамды құрайды? 3. Қоянды ауылы маңынан 96 гектар жер бөлу туралы шешім қай жылы, кімнің шешімімен бекітілді және ол жерлер кімдерге қай уақытта берілді? Сол құжатардың көшірмесін берсеңіз? 4. Қоянды ауылы маңын игерудің бас жоспары жасалып, 29 000 отбасына жер беру шуралы шешім қай жылы, кімнің шешімімен бекітілді және ол жоспар қалай орындалуда? Сол құжаттардың көшірмесін берсеңіз? 5. Ауданда 2005-жылдан бері қанша заңды тұлға қандай көлемде, қандай мақсатта жер телімдерін алды және олардың жерді пайдалану нысаны қандай? Олардың қаншасы жерді нақты қаражатына (аукцион, тендер арқылы) сатып алды, қаншасы уақытша пайдалануға немесе жалға алды? Алайда аталған хатқа «ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 62-бабына сәйкес Сіздер құқықтарын қорғап жатқан азаматтардан сенімхат ұсыну қажет» деген жауап алдық. Бұл жердегі түсініксіз жағдай қоғамдық ұйым мемлекеттік орган немесе жергілікті әкімдіктерге хат жазып, сұрақ қоюы үшін ешқандай сенімхат талап етілмейді. Біз жазған хатта қоғамдық ұйымдар өз атынан жазып отыр және біздің қандай да бір адамдардың құқығын қорғағанымыз немесе қорғамағанымыздың хатқа ешбір қатысы жоқ еді. Біз, өз хатымызға дұрыс жауап ала алмағандықтан ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» заңының 12-бабына сәйкес жоғары тұрған органға, яғни Ақмола облысының әкімдігіне хат жазған едік. Алайда, «Ақмола облысының Жер қатынастары басқармасы» 28.08.2015 жылғы жауабында (көшірмесі бірге беріліп отыр) да адамдардан сенімхат көрсетуімізді талап етіпті. Бұл жағдай ҚР «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» заңын бұзғандық болып есептеледі. Осыған орай, ҚР «Прокуратура туралы» заңының 1-бабының 2-тармағына сәйкес жоғарыда аталған әкімдіктердің тарапынан болған заң бұзушылықты анықтау және жою жөнiнде шаралар қолдануыңызды сұраймын. «Халық бірлігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мақсат Нұрыпбай
    Жауап күні:
    2015-11-24
    Жауап:
    Сіздің Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының блогына келіп түскен Ақмола облысы және Целиноград ауданы әкімдіктерінің лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттері туралы өтінішіңіз қаралды. Анықталғаны, Сіздің өтінішіңізде көрсетілген дәлелдер бойынша облыстың жергілікті атқарушы органдарының қызметінде тиісті тексерістер жүргізу қажет. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 20 қаңтардағы №4 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы прокуратурасы органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде өтініштермен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықтың 13 тармағына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың жалпы қол жетімді ақпараттық жүйелер бойынша және электрондық құжат пен электронды цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес келіп түскен өтініштері қаралуға жатады. Баяндалғанды ескеріп, Сізге сәйкес өтінішпен жазбаша немесе Ғаламтор ресурстары арқылы (электронды цифрлық қолтаңбамен куәландырылған) Ақмола облысының прокуратурасына жүгіну қажет.
  • Сұрақ №: 15410
    Дата: 03.04.2015 21:25:49
    Аты-жөні: Турманов Держан
    Сұрақ:
    Есіл станциясында жүк тасымалдау жөніндегі оператор болып қызмет істейтін, балам, Ажиғалиева Назерке Держанқызы, 2015 жылдың қаңтар айынан бастап бугінгі күнге дейін еңбек ақысын ала алмай отыр. Осы сұраққа жауап беруіңізді сұраймын.
    Жауап күні:
    2015-04-10
    Жауап:
    Держан Абжанович туындаған сұрақтың шешілуіне қатысты сізге Ақмола облыстық Еңбек Инспекциясының Басқармасына : Көкшетау қ. Ақан Сері көшесі.111 «а», тел./факс 8(7162)25-04-45 эл.адрес trud-akmola@mail.ru немесе Ақмола көлік прокуратурасына : Астана қ. Орынбор көшесі ,14, тел./факс 8 (7172) 71-22-18 жүгіну қажет.
  • Сұрақ №: 14093
    Дата: 03.02.2015 20:41:07
    Аты-жөні: Қойлюбаев Қанат
    Сұрақ:
    Құрметті Данияр Сулейменұлы! Сізге көп қабатты пәтер иелерінің атынан, Ақмол ауылында жұмыс атқарып жатқан КСК "Вильма -2"-ға қатысты шағымданып жатырмын. Аталған ұйым көп жылдан бері заңсыз қызмет атқарып келеді. Тұрғын үй қатынастары туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94 Заңының 43 бабына сәйкес Көп пәтерлi тұрғын үйді күтіп ұстау үшiн пәтерлер иелерiнiң кооперативтерi құрылған болатын. Кооператив осы күнге дейін пәтер иелерін алдап, олармен тек үй асты подвалын күтіп ұстаймыз деп жеке келісім-шат жасасып келеді. Пәтер иелері Кооперативке бірнеше рет заңға сәйкес Кондоминиум құру керектігін айтқан. Бірақ кооператив бұл ұсыныстан бас тартып жатыр. Тұрғын үй қатынастары заңның 44 бабының 4 және 6 тармақтарына сәйкес Кооператив құрылаған сәтте тіркеуші органға "кондоминиумды тiркеу немесе қайта тіркеу туралы мемлекеттiк акт" ұсыну қажет, егер белгіленген тәртіб бұзылған үй-жайлар (пәтерлер) меншiк иелерiнiң кооперативiн тіркеуден бас тартылуға тиіс. Біз түсінбей отырмыз қалайша аталған кооператив пәтер иелерімен кондоминиум жасаспай мемлекеттік тіркеуден өтіп отыр. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, аталған кооперативтің заңсыз қызметіне аралысуыңызды сұраймыз.
    Жауап күні:
    2015-02-05
    Жауап:
    Ответ Койлюбаеву Целиноград ауданының прокуратурасымен Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы блогына келіп түскен өтінішіңіз қарастырылды. 16.04.2014 жылғы Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары» заңының (бұдан әрі - Заң) 2-бабы 48-тармағына сәйкес үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативі - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін бірлесіп басқаруы үшін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері құратын коммерциялық емес ұйым екеніне түсіндірме береміз. Егер кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын тұлғалардың, сондай-ақ тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) ортақ мүлкін күтіп-ұстау және пайдалану жөніндегі міндеттерін орындамайтын немесе тиісінше орындамайтын үй-жайлардың (пәтерлердің) жекелеген меншік иелерінің өз міндеттерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы салдарынан үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне шығын келтірілсе, осы тұлғалар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шығындарды өтеуге міндетті. (Заңның 42-бабы, 9-тармағы) Заңның 42-1 бабы 1-тармағына сәйкес үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жиналыстарында кондоминиум объектісін басқаруға және күтіп-ұстауға байланысты мәселелер бойынша шешімдер қаралады және қабылданады. Осылайша, ортақ меншік кондоминиум объектісін таза ұстау және басқаруға жиналатын жарна мөлшерін, сонымен қатар күрделі жөндеу жүргізуге шығын сметасын бекіту мәселесі міндетті түрде (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналысында қарастырылады және мақұлданады. Жоғарыдағыларды ескере отырып Сізге кондоминиум объектілерін басқару нысанын таңдау немесе өзгерту мәселесін (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналысында шешуге кеңес береміз.

Беттер