Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 10108
    Дата: 04.08.2014 10:34:36
    Аты-жөні: Альмагамбетова Айзат
    Сұрақ:
    Сәлеметсіз бе! Мен Альмагамбетова Айзат Кошкарбаевна,28,01,1972 жылы туған, Қостанай облысы,Аманкелді ауданы,Аманкелді селосы Божманов көшесі 1-үй 2-пәтер тұрғыны. Сізден сұрарым Ақмола облысы Жарқайың аудандық сотының 03.12.2013 жылы шыққан сот бұйрығы негізінде 25.12.2013 жылы Ақмола облысының Жарқайың аудандық соты. Жарқайың аумақтық бөлімінің аға сот орындаушысы Абильжанов Руслан Жанаровичке менің атыма жауапкер Гегомян Сергей Рафиковичтен берешек соманы өндіру туралы талап арызы негізінде 03.12.2013 жылы қабылданған сот бұйрығының көшірмесін орындау үшін жолдады. Алайда қанша уақыт өтседе заң талаптары әлі күнге дейін орындалмай отыр.Бүгін 04.08.2013 жылға дейін ешқандай шара қолданылмады. Мен бірнеше рет сот орындаушысына хабарластым, ешқандай іс-шара атқарылған жоқ. Сізден сұрарым заң негізінде сот бүйрығының орындалуына қатаң бақылау жасап,көмек көрсетуіңізді сұраймын.
    Жауап күні:
    2014-08-12
    Жауап:
    Құрметті Альмагамбетова Айзат Кошкарбаевна! Сіздің Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының порталына борышкер С.Гегомянға қатысты сот шешімінің ұзақ уақыт бойы орындалмағаны туралы түскен өтінішіңіз Жарқайың аудандық прокуратурасы қарады.Сіздің өтінішіңіз бойынша тексеріс барысында Жарқайың аудандық аумақтық сот шешімін орындау бөлімі қызметкерлері жағынан 09.01.2014 года № 1017 атқарушылық іс жүргізуді атқару кезінде қолданыстағы заңнамалардың бұзылғаны анықталды.Осыған байланысты аудандық прокуратурасымен Жарқайың аудандық аумақтық сот шешімін орындау бөлімінің аға сот орындаушысы бөлімінің басшысы атына 11.08.2014 жылы С.Р.Гегомяннан қарыз соммасын тезірек алу үшін осы атқарушылық іс жүргізу бойынша қабылданған нақты шаралар және заңның бұзушылықтарды қалпына келтіру туралы ұсыныс жіберілді. Жарқайын аудандық прокуратурасы.
  • Сұрақ №: 8774
    Дата: 27.05.2014 17:46:28
    Аты-жөні: Биназаров Бедильхан
    Сұрақ:
    Құрметті, Мұратбек Құсайынұлы, келіншегім Бекторазова Динара аягы ауыр болып жүріп Ақмола облысы, Аршалы аудандык ауруханасына ауыр жағдайда түсті. Алайда бір апта бойы қан кеткен жолдасыма тиісті ем-домын жасамаған дәрігерлер тек дарілер беріп, бір аптадан соң шығару қағазын берген. Жолдасым өзін жайсыз сезініп тұрғанын, қан кетуі тоқтамай тұрғанын айтқанымен, аурухана дәрігерлері оның қарсыласқанына қарамастан ауруханадан шығарып жіберді. Бірақ, ауруханадағы УЗИ құрылғысынын біраз уақыттан бері істен шығып тұрғанына қарамастан шығару қағазында "УЗИ қорытындысы бойынша барлығы жақсы" деп көрсетіп, мөр басқан. Сол күні жолдасымды Астана қаласындағы ақылы медициналық орталықта УЗИ-ге түсіргенде алты апталық баланын өліп қалғанын көрсетті. Орталықтың дәрігерлері қан кету тағы бір-екі күнге созылғанда жатырдын өзін алып тастауға тура келетінін айтты. Ендігі жерде келіншегім 5-6 жыл бала көтеруге болмайды және бірнеше жыл емделуге тура келіп отыр. Сондықтан, өз ісіне салғырттық танытып, науқастармен жүрдім-бардым қарап, жалғандыққа жол беріп адам өмірімен ойнаған аудандық аурухана дәрігері Олеся Анатолиқызы мен бас дәрігер Сембиев Сәндібек заң алдында әділ жауап беруіне ықпал етуіңізді сұраймын. Үш ай ішінде әділдік іздеп бармаған жерім, баспаған тауым қалмады. Аудандық ІІБ мен аудандык прокуратурага барып арыз жаздым. Алайда әлі күнге дейін жауап жоқ. Бүгін менің басымнан өткен қиындық ертең басқалардың да басынан өтпес үшін өз ісіне жүрдім-бардым қарайтын дәрігердің заң бойынша қызметінен босатылуын сұраймын.
    Жауап күні:
    2014-07-08
    Жауап:
    Сіздің облыс прокурорының блогына келіп түскен сұрағыңыз қаралды. Сіздің алдыңғы келіп түскен арызыңыды қарау аясында Аршалы аудандық ауруханасының медицина қызметкерлері кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 114 бабының 1 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны анықталды. Қылмыстық іс материалдары бойынша Аршалы ауданынының ішкі істер бөлімімен Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 240 бабына сәйкес комиссиялық сот–медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық іс бойынша шешім сот–медициналық сараптама қорытындысын ескере отырып қабылданатын болады.
  • Сұрақ №: 8181
    Дата: 28.04.2014 20:57:17
    Аты-жөні: Текен Бахытбек
    Сұрақ:
    Сәлеметсізбе! Мен 2014-жылдың Сәуірдің 23-інде түскен жалақымды ала алмай отырмын. Белгісіз себептермен Халық банкіндегі счетымдағы ақшамды белгісіз банк өздеріне аударып алған. Ол банк алдын ала ескуртуде жасаған жоқ! Жалақысыз отырмын, ме көп балалы анамын. Не істеуім керек? Жалақымды қайтарып беруге көмектесіңізші!!!
    Жауап күні:
    2014-05-30
    Жауап:
    Б.Текенге Облыс прокуратурасымен Сіздің жалақы алмау туралы өтінішіңіз қаралды. Сіздің өтінішіңізде банктің орналасқан жері (қала, аудан, кент), сондай-ақ Сіздің мекенжайыңыз және байланыс телефоны көрсетілмеген. Осыған байланысты, Сіздің өтінішіңіз бойынша тексеру іс-шараларын жүргізу үшін жоғарыда көрсетілген мәліметтерді көрсету қажет. Сондай-ақ, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер арқылы келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес түскен өтініштері осы Заңда белгіленген тәртіппен қаралуға тиіс. Сондықтан, өтініш авторының шынайылығын анықтау мүмкін болмағандықтан, ресми сайтта прокурорға жолданған мәселе жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін реттейтін заңнама талаптарына сәйкес ресми өтініш ретінде қаралмайды. Прокуратураның сайтына орналастырылған мәселелерге, түсіндіру сипатындағы ақпараттар беріледі. Электрондық цифрлық қолтаңба алу мәселесі бойынша ХҚО (халыққа қызмет көрсету орталығы) жүгіну қажет. Облыс прокуратурасы Басқарма бастығының м.а. Е.Жүнісов
  • Сұрақ №: 7164
    Дата: 13.03.2014 18:52:07
    Аты-жөні: Шамахай Амандық
    Сұрақ:
    Құрметті прокурор! Жалтырды жауаптанатын учаскелік полиция инспекторы, капитан Тамабеков Даурен Тюлюевич - соңғы кезде мені әбден шаршатты. Жаңадан жұмысқа кіріп едім, жұрттан ұят болды. Басқа жұмысы жоқ па, күнде келіп мені "Астраханға жүр" деп мазамды алады.Бір ерт барғанымда, сұрағаны "Атбасарда тұратын бір жекөкше әйелмен (Төлеу Құлтазгүл) сен жыныстық қатынаста болыпсың. Ол сенен бала тапты. Соған алимент төлеймін деп жазып бер" деп мәжбүрлемекші болады. Мен онымен бірер апта сожитель болғанымды, маған келгенде екіқабат болғанын, үйімнің заттарын ұрлаған соң қуып жібергенімді сан рет айттым. Соңғы кезде Тамабеков Даурен Тюлюевич: "Мен сол Құлтазгүлден елумың теңге алып қойып едім. Қайтарып бергім келмейді, сен қол қоя сал, саған еш нәрсе болмайды" деп күнде келіп жалынып тұратын болды. Мен арақ ішпеймін, тәртіпті адаммын, көршілер біледі. Ал, енді мына Тамабеков Даурен Тюлюевич деген полиция қызметкерінікі не? Осындай үкімет өкілі бола ма? Маған және сексен жастағы анама және шешесіз өсіп жатқан жалғыз ұлыма тыныштық керек. Парақор әрі қайдағы алаяқ әйелдің айтқанымен жүретін полицай Тамабеков Даурен Тюлюевичті қызметінен кетірсеңіздер екен?
    Жауап күні:
    2014-06-06
    Жауап:
    Құрметті Шамахай А.Ш. Сіздің арызыңыз учаскелік полиция инспекторы капитан Тамабеков Д.Т. заңсыз әрекеті бойынша аудан прокуратурасымен қаралды. 2014 жылдың 18 сәуіріндегі Атбасар аудандық сотының ұйғарымына сәйкес Астрахан ауданы ішкі істер бөліміне 2014 жылдың 22 сәуірінде болған Атбасар ауданының азаматтық ісі бойынша Сізді сот процессіне қатысуға мәжбүрлеп әкелу жүктелген. Қазақстан Республикасының азаматтық-процессуалдық кодексінің 2 бәлімі 119 бабына сәйкес соттың ұйғарымы бойынша ішкі істер органмен немесе сот бақылаушысымен жүзеге асырылады. Осыған байланысты полиция қызметкерінің іс-әрекеті заңға қайшы келмейтіндігін түсіндіремін. Сонымен бірге Атбасар аудандық сотының шешіміне сәйкес кәлеметке толмаған баланы асыруға үшін, Сізден барлық табысынудың 1/4 мөлшерінде (алимент) өндіріп алу керек.
  • Сұрақ №: 6670
    Дата: 15.02.2014 11:35:38
    Аты-жөні: Себет Қазиза
    Сұрақ:
    ШАҒЫМ ХАТ Атбасар ауданында алаяқтықпен айналысып, заңсыз әрекеттерге барып жүрген екі азаматты тексеріп бақылауға алуыңызды сұраймыз: 1. Атбасар қаласы Есенберлин көшесі 15-үй (телефоны:8-7164-34-32-28) Дакейұлы Қаз деген зейнеткер азамат Монғолияда тұратын қазақ азаматтарының атынан жалған құжат жасап, Қазақстаннан үкіметтік квота алып, бюджеттен қазынаның ақшасын заңсыз жымқырғаны және өзінің ешбір жоғары оқу орнында оқымаған балаларына қолдан жасалған дипломдар жаздырып беріп, оларды мектептерге мұғалім етіп орналасқандығы туралы оралмандар арасында көп айтылып жүр. Бұл өте зиянды әрекет болғандықтан, арнайы тексеріс жүргізсеңіздер екен; 2. Атбасар қаласында Орталық базардың артында, №8 мектептің қасындағы жатақханада тұратын Тілеуқызы Хултазгүл (ол өзінің атын Құндыз деп те атайды, жоғарыдағы алаяқ Дакей Қаздың кейде қызы, кейде қарындасы болып аталады) деген жеңіл жүрісті алаяқ әйел өткен жылы Жалтыр аулында осы арызда көрсетілген үйден алтын бұйымдар мен бағалы заттарды ұрлап әкеткен. Оны біз «пәлесінен аулақ кетсін» деп тастағанбыз. Енді ол өзімізге жала жауып, Астрахан ауданына жалған арыз жазады. Сондықтан, оның қылмысын әшкерелеп, шығынымыз барлығы 1миллион 200 мың теңгені өндіріп алуымызға тура келіп отыр. Осы мәселелер бойынша арнайы тексеріс жасап, алаяқтарға тосқауыл қойылуын, біздің шығынымыздың өтелуіне көмектесулеріңізді сұраймыз.
    Жауап күні:
    2014-02-19
    Жауап:
    Атбасар аумағы бойынша ауданаралық қаржы полициясы басқармасының бастығы қаржы полиция подполковнигі С.Д.Алдабергеновке Себет Қазиза Себетке Астрахан ауданы Жалтыр ауылы Сізге Қазахстан Республикасы Бас Прокурорының блогынан келіп түскен Себет Қазиза Себеттің, Дакейұлы Қаз атты азаматпен жалған құжат жасап ала-аяқтық іс-әрекеті туралы және Тілеуқызы Хултазгүлдің ала-аяқтық іс-әрекеті туралы арызын тексеріп шешім қабылдау үшін жолдаймыз. Арызда келтірілген өтінішті толық түрде қарап Заңмен белгіленген уақытта арызданушыға жауабын беріңіз. Екінші мекен-жайға мәлімет үшін Тіркеме: арыз 1 парақта. Атбасар аудан прокуроры Д. Аманбай

Беттер