Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 7164
    Дата: 13.03.2014 18:52:07
    Аты-жөні: Шамахай Амандық
    Сұрақ:
    Құрметті прокурор! Жалтырды жауаптанатын учаскелік полиция инспекторы, капитан Тамабеков Даурен Тюлюевич - соңғы кезде мені әбден шаршатты. Жаңадан жұмысқа кіріп едім, жұрттан ұят болды. Басқа жұмысы жоқ па, күнде келіп мені "Астраханға жүр" деп мазамды алады.Бір ерт барғанымда, сұрағаны "Атбасарда тұратын бір жекөкше әйелмен (Төлеу Құлтазгүл) сен жыныстық қатынаста болыпсың. Ол сенен бала тапты. Соған алимент төлеймін деп жазып бер" деп мәжбүрлемекші болады. Мен онымен бірер апта сожитель болғанымды, маған келгенде екіқабат болғанын, үйімнің заттарын ұрлаған соң қуып жібергенімді сан рет айттым. Соңғы кезде Тамабеков Даурен Тюлюевич: "Мен сол Құлтазгүлден елумың теңге алып қойып едім. Қайтарып бергім келмейді, сен қол қоя сал, саған еш нәрсе болмайды" деп күнде келіп жалынып тұратын болды. Мен арақ ішпеймін, тәртіпті адаммын, көршілер біледі. Ал, енді мына Тамабеков Даурен Тюлюевич деген полиция қызметкерінікі не? Осындай үкімет өкілі бола ма? Маған және сексен жастағы анама және шешесіз өсіп жатқан жалғыз ұлыма тыныштық керек. Парақор әрі қайдағы алаяқ әйелдің айтқанымен жүретін полицай Тамабеков Даурен Тюлюевичті қызметінен кетірсеңіздер екен?
    Жауап күні:
    2014-06-06
    Жауап:
    Құрметті Шамахай А.Ш. Сіздің арызыңыз учаскелік полиция инспекторы капитан Тамабеков Д.Т. заңсыз әрекеті бойынша аудан прокуратурасымен қаралды. 2014 жылдың 18 сәуіріндегі Атбасар аудандық сотының ұйғарымына сәйкес Астрахан ауданы ішкі істер бөліміне 2014 жылдың 22 сәуірінде болған Атбасар ауданының азаматтық ісі бойынша Сізді сот процессіне қатысуға мәжбүрлеп әкелу жүктелген. Қазақстан Республикасының азаматтық-процессуалдық кодексінің 2 бәлімі 119 бабына сәйкес соттың ұйғарымы бойынша ішкі істер органмен немесе сот бақылаушысымен жүзеге асырылады. Осыған байланысты полиция қызметкерінің іс-әрекеті заңға қайшы келмейтіндігін түсіндіремін. Сонымен бірге Атбасар аудандық сотының шешіміне сәйкес кәлеметке толмаған баланы асыруға үшін, Сізден барлық табысынудың 1/4 мөлшерінде (алимент) өндіріп алу керек.
  • Сұрақ №: 6670
    Дата: 15.02.2014 11:35:38
    Аты-жөні: Себет Қазиза
    Сұрақ:
    ШАҒЫМ ХАТ Атбасар ауданында алаяқтықпен айналысып, заңсыз әрекеттерге барып жүрген екі азаматты тексеріп бақылауға алуыңызды сұраймыз: 1. Атбасар қаласы Есенберлин көшесі 15-үй (телефоны:8-7164-34-32-28) Дакейұлы Қаз деген зейнеткер азамат Монғолияда тұратын қазақ азаматтарының атынан жалған құжат жасап, Қазақстаннан үкіметтік квота алып, бюджеттен қазынаның ақшасын заңсыз жымқырғаны және өзінің ешбір жоғары оқу орнында оқымаған балаларына қолдан жасалған дипломдар жаздырып беріп, оларды мектептерге мұғалім етіп орналасқандығы туралы оралмандар арасында көп айтылып жүр. Бұл өте зиянды әрекет болғандықтан, арнайы тексеріс жүргізсеңіздер екен; 2. Атбасар қаласында Орталық базардың артында, №8 мектептің қасындағы жатақханада тұратын Тілеуқызы Хултазгүл (ол өзінің атын Құндыз деп те атайды, жоғарыдағы алаяқ Дакей Қаздың кейде қызы, кейде қарындасы болып аталады) деген жеңіл жүрісті алаяқ әйел өткен жылы Жалтыр аулында осы арызда көрсетілген үйден алтын бұйымдар мен бағалы заттарды ұрлап әкеткен. Оны біз «пәлесінен аулақ кетсін» деп тастағанбыз. Енді ол өзімізге жала жауып, Астрахан ауданына жалған арыз жазады. Сондықтан, оның қылмысын әшкерелеп, шығынымыз барлығы 1миллион 200 мың теңгені өндіріп алуымызға тура келіп отыр. Осы мәселелер бойынша арнайы тексеріс жасап, алаяқтарға тосқауыл қойылуын, біздің шығынымыздың өтелуіне көмектесулеріңізді сұраймыз.
    Жауап күні:
    2014-02-19
    Жауап:
    Атбасар аумағы бойынша ауданаралық қаржы полициясы басқармасының бастығы қаржы полиция подполковнигі С.Д.Алдабергеновке Себет Қазиза Себетке Астрахан ауданы Жалтыр ауылы Сізге Қазахстан Республикасы Бас Прокурорының блогынан келіп түскен Себет Қазиза Себеттің, Дакейұлы Қаз атты азаматпен жалған құжат жасап ала-аяқтық іс-әрекеті туралы және Тілеуқызы Хултазгүлдің ала-аяқтық іс-әрекеті туралы арызын тексеріп шешім қабылдау үшін жолдаймыз. Арызда келтірілген өтінішті толық түрде қарап Заңмен белгіленген уақытта арызданушыға жауабын беріңіз. Екінші мекен-жайға мәлімет үшін Тіркеме: арыз 1 парақта. Атбасар аудан прокуроры Д. Аманбай
  • Сұрақ №: 6262
    Дата: 28.01.2014 20:23:36
    Аты-жөні: Сүйіндікова Хайткүл
    Сұрақ:
    Мен осы хат арқылы сіздерге төмендегі жағдайды айта отырып үлкен сеніммен осы болған жағдайдың ақ қарасын шешіп көмек берулеріңізді сұраймын. Менің балам Балтаев Қойшыбай 1987 жылы 23 қазанда туылған. 2007 жылы қаңтар айында «Астана Трит Интернейшнл» құрылыс мекемесінде жұмысқа тұрған. 2007 жылы 2 май күні теледидарда және радиода ауа райының қолайсыздығына байланысты жұмысқа шықпасын деген хабар таратылған.Соған қарамастан басшылары жұмысқа шығарған,сол күні табиғи апат салдарынан баламның үстіне ауыр темір кұлап мүгедек болып қалды. 2009 жылдан бастап ешқандай да ақша берген жоқ. Мекемеге барып жағдай айтқам. Олар «Алтын полюс» жабылған ақша бере алмаймыз деді. Мен осы баланың күтімінеде ақша алғаным жоқ. 2011 жылдары ізденген болатынмын: 1. Нұр Отанға Қ.М. Жанабергеновке 2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Е.М. Рахимбергеновке 3. «Астана» теледидарына 4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Қайырбекова Салидатқа Менің 5 перзентім бар. 3 ұл, 2 қыз. Жолдасым Балтаев А 2011 жылы 7 қаңтарда қаза болды.Өзім жұмыссызбын .Мүгедек баламды емдетуге мекеме тарапынан еш ықпал болмады.Өзім ізденуге баладан шыға алмадым. Сол себепті осы хат арқылы жолдап отырмын. Сіздерден өтінерім қалған сақтандыру полюсі мен күтім ақысын алып берулеріңізді сұраймын.
    Жауап күні:
    2014-02-17
    Жауап:
    Целиноград ауданының прокуратурасы Сіздің сақтандыру және әлеуметтік төлемдерге қатысты өтінішіңізді қарастырды. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексі 2-бабының 3-тармағына сәйкес Азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдар азаматтық, еңбек жөніндегі қатынастардан және басқа да құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша істерді, сондай-ақ ерекше жүргізілетін істерді қарау тәртібін белгілейді. Сонымен қатар сақтандыру төлемдері мәселесі бойынша Сіз Азаматтық іс жүргізу Кодексінің 278-бабына сәйкес мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, қоғамдық бірлестіктің, ұйымның, лауазымды адамның, мемлекеттік қызметшінің шешіміне, әрекетіне (немесе әрекетсіздігіне) тікелей сотта дау айтуға құқылысыз.
  • Сұрақ №: 6094
    Дата: 21.01.2014 20:48:33
    Аты-жөні: Искаков Серик
    Сұрақ:
    Целиноград ауаданының прокурорына АРЫЗ Біздер Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қараөткель ауылдық округ тұрғындары осы ауылдық округтің әкімі А.Конбайдың заңсыз әрекеттерінен көп зардап шегіп келеміз. Мысалы, біздер көп уақыттан бері өзімізге тиесілі жер учаскелерін, тұрғын үйлерімізді заңдастыруға құжаттар жинақтап, ауылдық округ әкімінің атына заңдастыру жұмыстарын одан әрі аудандық деңгейдегі мемлекеттік органдарға қолдау көрсету жөнінде бірнеше мәрте арыздансақ та, А.Қонбай бұл менің құзыретімен кірмейді-деп арыздарды алудан бас тартады. Соның салдарынан осы күнге дейін бізге тиесілі жер учаскелері мен тұрғын үйлер заңдастырылмай келеді, оған қоса біз ол үшін айыппұл төлеуіміз ғажап емес. Құрметті прокурор мырза арызда көрсетілмегн мән-жайларды толық тексеруіңізді сұраймыз.
    Жауап күні:
    2014-02-17
    Жауап:
    Целиноград ауданының прокуратурасы Сіздің Қараөткел селолық округінің лауазымды тұлғаларының құжаттарыңызды қабылдамауына қатысты өтінішіңізді қарастырды. Тексеріс барысында Сіз Қараөткел селолық округінің әкімиятына жазбаша өтінішпен ағымдағы жылы жүгінбегеніңіз анықталды. Нақты шаралар қолдануға негіз жоқ.

Беттер