Ақмола облысы Атбасар ауданының прокуратурасы алименттерді өнідіріп алу бойынша рейдтер ұйымдастырды

05 тамыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Ақмола облысы Атбасар ауданының прокуратурасы алименттерді өнідіріп алу бойынша рейдтер ұйымдастырды - 624392222

Аудан прокуратурасы жергілікті уәкілетті органдарымен бірлесе - полиция бөлімі, сот орындаушылары, мемлекеттік кірістер басқармасы және әкімдікпен бірлесіп, мемлекет кірісіне алименттер, айыппұлдар және басқа да мәжбүр төлемдерді өндіріп алу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізді.

Жедел топ арнайы жабдықталған көлік арқылы Атбасар қ. қызу учаскелерінде автокөліктер топталған жерлерде түскі және кешкі уақытта борышкерлерді анықтауға мүмкіндік беретін мамандандырылған жүйені қолдана отырып рейдтер жүргізді - арнайы камералар жүріп жатқан автокөліктердің мемлекеттік нөмірлерін тіркейді, алынған мәліметтер бірден жүйеде өңделеді, жүйе өз кезегінде операторға борышкерді анықтау туралы сигнал береді, содан кейін оператор патрульдік полиция батальонына осы көлік жүргізушісінің жағдайы туралы мәлімет жібереді.

Уәкілетті тұлғалардың іс-әрекеттерінің арқасында осы жылдың 25 – 28 шілдесі аралығында 232 автокөлік тоқтатылды, мемлекет кірісіне 1 миллион 250 мың теңгеден астам айыппұлдар мәжбүрлеп төленді, айыппұлдарды төлеу туралы 107 хабарлама тапсырылды, борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін 5 материал дайындалды.

Атбасар ауданында алименттерді өндіріп алу туралы 249 атқарушылық іс жүргізіліп жатыр, олардың жалпы қарызы 17 миллион 700 мың теңгеден асқанын атап өткен жөн.

Төтенше шараларға жол бермеу үшін - мүлікке тыйым салу, ағымдағы шоттарды, жылжымайтын мүлікті алып қою, шетелге шығуын уақытша шектеу және жүргізуші куәліктерін тоқтата тұру үшін, борышкерлер мемлекеттік кірістер алдындағы қарызды және алименттерді өтеуі керек (әкімшілік айыппұлдар, мемлекеттік баждар, үкімдер бойынша айыппұлдар, іс жүргізу шығындары)).

Борышкерлердің қарызды төлеуден жалтарғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын естеріңізге саламыз.

 

Ақмола облысының прокуратурасы

 

Ақмола облысы Атбасар ауданының прокуратурасы алименттерді өнідіріп алу бойынша рейдтер ұйымдастырды - 1266969724

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу