Ақмола облысы прокуратурасының қызметкерлері әріптесін АҚШ-қа оқуға шығарып салды

09 тамыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Ақмола облысы прокуратурасының қызметкерлері әріптесін  АҚШ-қа оқуға шығарып салды - 1439756659

Ақмола облысы прокуратурасы Басқармасының прокуроры Азамат Жұмабеков ағымдағы жылдың маусым айында Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды.

Азамат өзінің еңбек жолын 2013 жылы Көкшетау қаласының прокуратурасында іс жүргізуші ретінде бастаған. Аудан прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Көкшетау қаласы прокурорының көмекшісі қызметтерін атқарған.

Ағымдағы жылы Азамат Қазақстан Республикасы  Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының «заң ғылымдарының магистрі» дәрежесін сәтті бітірді. Үздік жетістіктері үшін Азамат Құрмет тақтасына енгізіліп, Академия ректорының грамотасымен марапатталды.

Академияда оқу кезінде ол өзінің кәсіби дағдыларын арттырумен ғана емес, сонымен қатар ағылшын тілін тереңдете зерттеді, соның нәтижесінде ол «Болашақ» стипендиясын конкурстық іріктеудің барлық кезеңдерінен өтті.

Ол үшін білім алатын ел таңдауы Америка Құрама Штаттары болды. Азаматты алдағы уақытта Нұр-Сұлтан қаласындағы тілді меңгеру курстары, кейін АҚШ-қа сапар күтуде.

Облыс прокуратурасының басшылығы және әріптестері, Азаматты шығарып салып, оған оқуда табыс және алған білімдерін тәжіриебеге енгізу үшін жұмысқа тез арада қайта оралуын тілейді.

Стипендиаттың жоспарында заңдылықты қамтамасыз ету бойынша құқық қорғау органдары қызметінің халықаралық оң тәжірибесін зерделеу және оқуды аяқтағаннан кейін прокуратура органдарында қызметін жалғастыру көзделген.

 

 

Ақмола облысының прокуратурасы

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу