Ақмола облысы прокурорының атына алғыс хат

26 шілде 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақмола облысы прокурорының атына азамат  Ш.А. Жармағанбетовтен алғыс хат келіп түсті, онда ол Құқық қорғау қызметі орталығының қызметкеріне заңды фактіні анықтау туралы өтініш дайындауға заңгерлік көмек көрсеткені үшін алғысын білдіреді.

        Үстіміздегі жылдың сәуірінде өтініш беруші ҚҚҚО-ға оның жеке деректері дұрыс көрсетілмеген (жеке куәлікте және аттестатта аты-жөні көрсетілген кезде сәйкессіздіктер болған) аттестаттың тиесілігін растау мақсатында сотқа жүгіну үшін өтініш жазуға көмек көрсету туралы өтінішпен жүгінді.

        Ш.А. Жармағанбетовтің сөзінен жалпы еңбек өтіліне қосу үшін ол аттестатта көрсетілген оқу кезеңін растауы қажет, бұл кейін зейнетақы төлемдерін есептеу кезінде зейнетақы мөлшеріне әсер етеді.

        Өтініш беруші ҚҚҚО-ға жүгінбей тұрып, адвокаттардан көмек сұраған болатын, олар көмектесуге 70 000 теңге көлемінде төлем жасауға келіскен, бірақ оның жалақысы бар болғаны 40 000 теңгені құрайтындықтан, мұндай соманы төлей алмайтынын түсіндірді.

        Құжаттарды зерделеп, ҚҚҚО прокуроры заңды фактіні анықтау туралы талап арыз жасады, оны Ш. Жармағанбетов Көкшетау қалалық сотына берді, онда соттың осы жылдың шілдесінде заңды күшіне енген шешімі қанағаттандырылды.

 

Ақмола облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу