Ақмола облысында жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша алқа отырысы өтті

29 қараша 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақмола облысы прокурорының төрағалық етуімен жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманы сақтау бойынша мемлекеттік органдардың тиімділігін талдау нәтижелері бойынша алқа отырысы өткізілді.

Уәкілетті органдардың тиімділігін арттыру үшін, алқаның шешімімен нақты мерзімдері және орындаушылары бар бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілді.

Алқа отырысында мемлекеттік органдарға жер қойнауын пайдалану саласында жол берілген анықталған бұзушылықтар бойынша (келісім-шаттар бойынша әлеуметтік аударымдарды төлемеу, жер қойнауын пайдалану салдарын жоймау, өндіру көлемін орындамау, жер учаскелерін беру және рәсімдеу кезіндегі бұзушылықтар және басқалар) шаралар қабылдау туралы нақты тапсырмалар берілді.

Жер қойнауын өз бетінше өндіру фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында уәкілетті органға ғарыштық мониторингтің мүмкіндігін пайдаланып жер қойнауын пайдалану объектілерінің барлығына тексеріс жүргізу тапсырылды.

 

Ақмола облысының прокуратурасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу