Ақмола облысының прокуратурасы Құқық қорғау қызметі орталығын ашты. 2017 жылғы 14 желтоқсан, Көкшетау қаласы.

14 желтоқсан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақмола облысының прокуратурасы қала әкімдігінің қолдауымен Құқық қорғау қызметі орталығын ашты. Ашылу рәсіміне Қазақстан облыс әкімі Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин, құқық қорға органдарының басшылары және прокуратура органдарының ардагерлері қатысты.

Құқық қорғау қызметі орталығы жұмысының басты қағидасы –прокуратураның арнаулы алаңдарында азаматтарға кең ауқымдағы тегін құқықтық қызмет ұсынуы.

Аталған Орталықта азаматтардың құқық бойынша мәселелерін прокурорлар, адвокаттар, медиаторлар, пробация қызметі, әкімдік, ІІД және ЖПҚ қызметкерлері қабылдайтын болады. Бұл - 100 нақты қадам Ұлттық жоспарына сәйкес құқықтық қызметтерді бір орынға интеграциялау.

Орталықтың негізгі міндеті - шағымдарды жедел шешу, азаматтардың құқық қорғау және мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру, әкімшілік кедергілер мен бюрократияны жою.

Бүгін прокуратура азаматтар үшін құқықтық көмектің қол жетімді болуына және прокуратураға жүгінген әрбір адам өз проблемасын шешуге нақты нәтиже алуы үшін жұмыс жасауда.

 

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу