Ақмола облысының прокуратурасының прокуратурасы Білім күні қарсаңында«Баланы есіңе ал – алиментті төле» акциясын ұйымдастырып мұқтаж мектеп оқушыларына қол ұшын берді

29 тамыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Ақмола облысының прокуратурасының прокуратурасы  Білім күні қарсаңында«Баланы есіңе ал – алиментті төле» акциясын ұйымдастырып мұқтаж мектеп оқушыларына қол ұшын берді - 315653697

Бас прокуратурасының тапсырмасына сәйкес, Көкшетау қаласының прокуратурасы Әділет департаментімен, Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен, Көкшетау қаласының полиция басқармасымен, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесіп «Баланы есіңе ал – алиментті төле» акциясын өткізеді.

Аталған акцияның мақсаты алименттерді өндіріп алу бойынша жұмысты жандандыру және алименттерді төлемеу проблемасына жұртшылықтың назарын аудару болып табылады.

Қала бойынша 3,5 мыңнан астам борышкер–алимент төлеуден жалтарып жүрген алиментші, өз табысы мен тұратын жерін жасырып отыр.

Акцияны өткізу үшін Көкшетау қаласы прокурорының өкімімен аталған мемлекеттік органдардың қатысуымен жұмыс топтары құрылды. Аталған акция аясында алимент өндіріп алу бойынша бірқатар іс-шаралар өткізіледі.

Алимент төлемеушілер әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бүгінгі күні Көкшетау қаласы бойынша 24 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал 13 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осылайша, Көкшетау қаласында қабылданған шаралармен алимент бойынша қарыз қазіргі таңда 40 млн.теңгеге төмендеді. 

Сонымен қатар, Білім күні қарсаңында аудан қалалық прокурорлары барлық жерде «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырып, мектеп формасын, сондай-ақ аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға материалдық көмек көрсетті.

 

 

Ақмола облысының прокуратурасы

 

 

Ақмола облысының прокуратурасының прокуратурасы  Білім күні қарсаңында«Баланы есіңе ал – алиментті төле» акциясын ұйымдастырып мұқтаж мектеп оқушыларына қол ұшын берді - 1000327980

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу