Ақмола облысының прокуроры тағайындалды

28 ақпан 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Ақмола облысының прокуроры тағайындалды - 884116302

Бас Прокурордың бұйрығымен Ақмола облысының прокуроры болып аға әділет кеңесшісі Айдос Серікханұлы Майлыбаев тағайындалды.

А.Майлыбаев 1977 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Жоғары заң білімі бар.  

Алматы облысының екі ауданының прокуроры болып қызмет атқарған.

Сонымен қатар, Жамбыл облысы прокурорының орынбасары және Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары болған.

Осы тағайындауға дейін Бас прокуратураның Департамент бастығы лауазымында жұмыс жасаған.

Қоғамдық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етудегі жетістігі үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен «Жауынгерлік ерлігі үшін» (2014ж.) медалімен марапатталған.

 

Ақмола облысының прокуратурасы