Алименттерді төлемеуші 3 тәулікке қамауға алынды

11 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Алименттерді төлемеуші 3 тәулікке қамауға алынды - 1796301419

Мұндай жаза оған алименттерді өндіріп алу туралы сот шешімін орындамағаны үшін Көкшетау қ. әкімшілік сотының қаулысы бойынша тағайындалды.

Әкімшілік іс Көкшетау қ. прокуратурасымен үш кәмелетке толмаған балалары асырауында бар облыс орталығы тұрғынының өтінішін қарау нәтижелері бойынша қозғалды.

Прокурорлар алименттер бойынша қарыз осы жылдың 1 қазаны жағдайына 600 мың теңгеден астам соманы құрайтындығын анықтады.

Жалпы 2019 жылдың басынан бастап осындай құқық бұзушылықтар үшін 20 алименттерді төлемеушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге сот актісін және атқару парағын орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 669-бабы бойынша 5 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған.

Алименттерді төлеуден 3 айдан астам жалтарған жағдайда санкциясы екі жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейтін Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша жауапкершілікке әкеп соғады.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

 

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу