Атбасар ауданы прокуроры түзеу мекемесінде семинар-кеңесін өткізді

17 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Атбасар ауданы прокуроры түзеу мекемесінде              семинар-кеңесін өткізді  - 1739999727

Атбасар ауданы прокурорының бастамасымен ЕЦ-166/4 мекемесінде өткізілген семинар-кеңес аясында қылмыстық саясатты ізгілендірудің негізгі бағыттары талқыланды.

Іс-шараға Атбасар аудандық соттың төрағасы мен ЕЦ-166/4 мекемесінің жеке құрамы қатысты.

Ізгілендірудің негізгі бағыттарымен қатар шартты түрде мерзімінен бұрын сотталғандарды босату және олардың жазасын жеңіл түрге ауыстыру жұмыстарын жандандыру қажеттілігі талқыланды.

Тиісті құжаттарды сотқа жолдау және қарау барысында туындайтын бірқатар өзекті мәселелер мен олардың сапасына  назар аударылды.

Ағымдағы жылдың өткен мерзімі ішінде заңнаманың ізгілендірілуі аясында шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы сотқа 153 материал және өтінішхат жолданып, соның 139-ы қаралып, 93 қанағаттандырылды. Жаза түрін ауыстыру туралы 29 өтінішхат сотта негізінен қаралып, 25 қанағаттандырылған.

Семинарға қатысушылар сотталғандар арасындағы түсіндіру жұмыстарының, соның ішінде сот актілерінің заңды күшіне ену тәртібі мен мерзімдерін түсіндірудің маңыздылығын атап өтті.

Сотталғандардың әлеуметтік-пайдалы байланыстарын қолдау мәселелері және өзін-зі жарақаттау деректерінің алдын алу мәселелері қатысушылардың назарынан тыс қалмады.

 

 

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Атбасар ауданы прокуроры түзеу мекемесінде              семинар-кеңесін өткізді  - 1927214591

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу