Целиноград ауданының прокурорлары медициналық қызмет бағасының төмендеуіне қол жеткізді

04 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Целиноград ауданының прокуратурасы медициналық қызметтерге бағаның қалыптастырылуына мониторинг жүргізу барысында емхана 086у және 083у нысанындағы анықтамаларды беру бойынша қызметтердің құнын анықтау кезінде шығындар бабына мамандардың қызметтеріне ақы төлеу бойынша және басқа да шығындар негізсіз енгізілгенін анықтады.

Прокурорлық ықпал ету актісін қарау нәтижесі бойынша 086у нысанды анықтама беру бойынша мемлекеттік қызметтердің құны 2886 теңгеден 1628 теңгеге дейін, ал 083у нысанды – 3594 теңгеден 1628 теңгеге дейін екі еседен астам төмендетілді.​ ​ ​ ​ ​ ​

Осылайша, прокуратура аудан тұрғындарының шексіз шеңберінің құқықтары қорғалды.

086у нысанындағы анықтама ЖОО – ға, колледждерге түскенде және жұмысқа орналасқанда, ал 083у нысанындағы анықтама жүргізуші куәлігін алу үшін қажет екендігін айта кету керек.

Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады.

 

 

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу