Электрондық қылмыстық іс туралы

28 желтоқсан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2017 жылғы 22 желтоқсандағы №118-VI Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексі электрондық қылмыстық істі жүргізуді көздейді.

Электрондық қылмыстық істі жүргізудің мәні лауазымды тұлғаның тиісті процестік шешімдерді және әрекеттерді, оларды сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – СДТБТ АЖ) электрондық форматтағы құжатты енгізу немесе салу арқылы қабылдауында.

Электрондық қылмыстық істің артықшылығы жеделдікте, мөлдірлікте, уақытты, адам ресурстарын және бюджет қаражаттарын үнемдеуде, ең бастысы, мұнын барлығы қылмыстық процестің барлық сатысында қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтарын және мүдделерін қатаң сақтаумен жүргізіледі.

Жақсы және Жарқайың аудандарының прокурорлары адвокаттардың, АІІБ басшылықтары мен қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер өткізді.

Қорғаушы өкілдер тергеудің электрондық форматына ауысудың артықшылықтары туралы толық түсіндірді.

Қылмыстық қудалау органдарымен қызметкерлерді электрондық қылмыстық істерді қалыптастыру дағдыларына үйрету басталды.

Акмола облысынын прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу