Көкшетау қаласының прокуроры тағайындалды

21 тамыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Көкшетау қаласының прокуроры тағайындалды  - 1882981131

Бас Прокурордың ағымдағы жылғы 20 тамыздағы бұйрығымен Дастан Тұрсынов Көкшетау қаласының прокуроры лауазымына тағайындалды.

Д.Н. Тұрсынов 1981 жылы Алматы облысында туды. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 2005 жылы бастаған.

Алматы облысының Басқарма прокуроры, аға прокуроры, бөлім бастығы, осы облыстың Алакөл ауданының прокуроры лауазымдарында қызмет атқарған.

2018 жылдың қыркүйегінен бастап Бас прокуратурада жұмыс істеген.

Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.

 

 

Ақмола облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу