Төтенше жағдай кезеңінде заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау туралы

23 сәуiр 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Коронавирусты инфекцияның пандемиясына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті ағымдағы жылдың 16 наурызынан бастап елдің барлық аумағында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды.

Ақмола облысының тұрғындарымен төтенше жағдай режимінің 500-ге жуық бұзушылықтары жасалды.

Облыс соттары әкімшілік құқық бұзушылық туралы 370-тен астам істі қарады. Айыппұл түрінде 166 адамға жаза тағайындалды, 160 -  адам қамауға алынды,40 - ескерту жасалды.

Белгілі болғандай, Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 12 сәуірдегі қаулысына сәйкес облыс аумағында 2020 жылғы 13 сәуірде сағат 21.00-ден 25 сәуірге дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметтің және халықтың өмірінің ерекше жағдайлары бар қосымша шектеу шаралары енгізілген.

Осыған қарамастан, ағымдағы жылдың 15 сәуірінде сағат 19:00 шамасында Сандықтау ауданынынды «Көкшетау – Атбасар» бағытындағы автомобиль жолының 101 шақырымында алты жас жігіт өздерінің автокөліктерінде  спринтерлік жарыстар ұйымдастырған.

Сот шешімімен төтенше жағдай кезінде белгіленген талаптарды өрескел елемегені үшін барлық жылдам жүру әуесқойлары ӘҚБтК-нің 476-бабының 2-бөлігімен 10-нан 13 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Осыған байланысты, облыс тұрғындарына тағы да өз тұрғын үйлерінен себепсіз шықпауға, саналылық танытуға және жақындарына деген қамқорлық көрсетуге кеңес береміз.

 

 

Ақмола облысының прокуратурасы