Баспасөз хабарламасы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Облыс прокуратурасымен Көкшетау қаласында  қоғамның құқық бұзушылыққа реакциясын зерттеу үшін әлеуметтік эксперимент (пранк) жүргізілді.

Эксперименттің мақсаты –қылмыстың кез келген түріне, азаматтық көзқарастың қалыптасуына, қылмыстарға төзбеушілікке бірлескен мәдениет құру үшін әрекет етуге шақыру.

Пранкерлер қоғамға кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстардың түрлерін көрсетті. Өкінішке орай, эксперимент барысында өтіп бара жатқан 40 адамның 10 ғана әрекет етті.

Қоғамды қылмыстың алдын алуға тарту үшін, қылмыс пен құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытпау ұранымен әлеуметтік желілерде бейнеролик таратылды.

Жұмыс жалғасатын болады.

 

Ақмола облысының прокуратурасы

Категория: