«Алимент. Төлемеуге қарсы 30 қадам»

26 қаңтар 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Алимент.Төлемеуге қарсы 30 қадам» жобасы шегінде Жақсы ауданының прокуратурасымен аудандық сот орындаушыларының алимент өндіріп алу туралы сот актілерін уақтылы орындауына және заңдылық жағдайына 3 тексеріс жүргізілді.

Атқарушылық iс жүргiзуді тексеру келесіні көрсетті: ұзақ уақыт бойы орындалмаған атқару өндірістері бойынша борышкерлерді анықтау бойынша қандай да бір шаралар қолданбаған, оларға іздеу жариялау мәселесіне бастамашылық етілмеген, оларды заңда көзделген әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәселе қозғалмаған. Сондай-ақ тексеріс жүргізу барысында сот орындаушысы тарапынан бұзушылықтар анықталды, ол үш ай ішінде алиментті жалақысынан немесе өзге де табысынан өндіріп алу мүмкін болмаған сот актілерін орындау кезінде  мүліктен өндіріп алу бойынша шара қабылдамаған.

Тексеріс нәтижелері бойынша Әділет басқармасының басшысына және Жақсы ауданының жеке сот орындаушысына заң бұзышылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді.

Тексеріс жүргізу барысында балаларды күтіп-бағуға қаражат төлеу бойынша міндетін орындамағаны үшін  ҚР ҚК-нің 139 бабы бойынша 4 қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық істердің барлығы ақталмайтын негіздермен тоқтатылды.

2016 жылы борышкерлерге қатысты 7 әкімшілік іс қозғалды. Аудандық соттың қаулысымен ҚР ӘҚБтК 669 бабына бойынша қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза салумен 7 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Прокурордың бастамасымен 2 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ұсынысты қарау нәтижелері бойынша  28 борышкерге кетуге уақытша шектеу белгіленді, 22 атқару өндірісі бойынша қарыздар анықталды, борышкерлердің тұрғылықты жері бойынша 6 материал жіберілді, балалардың кәмелетке толуына байланысты 7 атқару өндірісі тоқтатылды, 11 атқару парақтары жалақыдан ұстап қалу үшін борышкерлердің жұмыс орындарына жолданды, 5 борышкерге іздеу жарияланды.

Алимент өндіріп алу туралы сот актілерінің орындалуын тексеру нәтижелері Жақсы ауданы бойынша әділет басқармасы басшысының, сондай-ақ жеке сот орындаушысының қатысуымен аудан прокурорының жанындағы кеңесте қаралды.

 

Жақсы ауданының прокуроры Күнсая Балғожина

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу