«Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында құқық бұзушылықтардың профилактикасы»

27 сәуiр 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында, сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылық барысында жасалатын құқық бұзушылықтар профилактикасы мәселелері әрқашан өзекті және ауыр әлеуметтік проблемалар қатарына жатады.         

Ағымдағы заңнамаға сәйкес отбасы-тұрмыстық қатынастарға, ерлі-зайыптылар, бұрынғы ерлі-зайыптылар, бірге тұратын немесе бірге тұрған адамдар, жақын туыстар, ортақ баласы (балалары) бар адамдар арасындағы қатынастар жатады.  

Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерге, құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер жатады.

Тек 2017 жылдың 3 айына Бурабай ауданыдық сотымен тұрмыстық зорлық-зомбылық аясында 67 әкімшілік істер қаралды. Көбіне көрсетілген дәрежедегі істер ӘҚБтК 64 бап. 1б. негізінде тараптардың татуласуына байланысты ақтамайтын негіздер бойынша өндіріспен қысқартылады.       

Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында жасалған құқық бұзушылыққа кінәлі адамдарға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен ескерту жасау немесе 3 тәулікке дейінгі қамаққа алу түріндегі жауапкершілігі көзделіп, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған осы әрекеттер – 10 тәулiкке дейiнгі мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.   

Сотта қаралған істерді талдау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың негізгі себептері болып, тұрмыстық алауыздық, материалдық жағдайдын болмауы, қызғаныш, сонымен қатар бұрынғы ерлі-зайыптылардың және басқа адамдардың амалсыз бірге тұруы, олардың арасында бұрыннан жағымсыз қарым қатынастың орын алуын көрсетті. Көбіне құқық бұзушылықтар кешкілікте және түнгі уақытта жасалады.    

Көп жағдайларда дау спиртті ішімдіктерді қиянат етудің салдарынан және қылмыстық статистика көрсеткендей, бұндай даулар денсаулыққа зиян келтірумен аяқталған кездері де аз емес.             

Әдетте отбасы-тұрмыстық даулар барысында өз туыстарының құрбандары ретінде жасына орай қарсылық таныта алмайтын немесе тәуелді жағдайда болуға мәжбүр зейнеткерлер, сонымен қатар әйелдер және балалар болып табылады.

Жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, сотпен тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгіненуі мүмкін, сонымен қатар 3 айдан бір жылға дейінгі мерзім аралығында жәбірленушінің еркіне қарсы оған баруға, ізіне түсуге, оны іздестіруге, ауызша және телефон арқылы келіссөздер жүргізуге, онымен қоса кәмелетке толмаған немесе қабілеті жоқ отбасы мүшелерімен басқа жолдар арқылы хабарласуға тиым салынатынын білген жөн.

Ерекше талаптар мерзімі аралығында құқық бұзушының жүріс-тұрысына профилактикалық әңгіме жүргізу үшін, ішкі істер органына айына 1-ден 4-ке дейін келіп тұру міндеті жүктелуі мүмкін.        

Жылына үш рет немесе одан да көп мас күйде әкімшілік құқық бұзушылықты жасағанына орай, әкімшілік жауапкершілікке тартылған созылмалы маскүнемдікпен ауыратын азаматтарға қатысты, 12 айлық мерзімге дейін емдейтін мекемеге бағыттау туралы сұрағы қаралуы мүмкін.      

Сонымен қатар заңнамамен «қорғау нұсқамасы» түріндегі нормасы көзделіп, ол отбасы мүшелеріне қатысты әкімшілік жауапкершілікке бірталай тартылған азаматқа шығарылады.

«Қорғау нұсқамасын» шығаруда құқықбұзушыға тұрмыста зорлық-зомбылықтан жәбірленген ортақ тұратын жерді уақытша босатуын және ортақ меншікпен иелік етуіне тиым салуды міндеттеуге болады.     

Отбасыдан «отбасы жанжалқорларын» оқшаулау, құқықбұзушының жағынан да және тұрақты «даулардан» шаршаған оның отбасы мүшелерінің жағынан да мүмкін болатын ауыр қылмыстын алдын алуға көмектеседі.  

Әдеттегі қарапайым отбасы-тұрмыстық жанжал ауыр салдарға алып келуі мүмкіндігін ескеріп, адамдарды тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері болған жағдайда ымыраға келмеуіне дағдыландыру қажет. Көбіне әйел, бала, кәрі адам әртүрлі себептерге байланысты көмекке жүгіне алмайды. Өз туыстарының отбасыларында, таныстарында, көршілерінде отбасы-тұрмыстық жанжалдар туындап, соның барысында күш қолданылатының білетін әр адам, аса ауыр қылмысты және құқық бұзушылықты жасауға жол бермеу мақсатында, уақытылы профилактикалық шараларды жүзеге асыру үшін, ішкі істер органдарына жүгіну қажеттігін түсінген жөн.

Қазіргі таңда бес институционалды реформаны жүзеге асыру мақсатында, Ұлт жоспарында белгіленген – "100 нақты қадам", Бас прокуратурамен «Тұрмыстық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасы жүзеге асырылуда. 

сондай-ақ қазақстандық бірегейлік пен бірлікті іске асыру жөніндегі шараларды ақпараттық сүйемелдеу бойынша Медиа-жоспарын бекіту туралы

Бұл жобаның тапсырмасы тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресудің нәтижелі комплексті механизміне дағдыландыру және отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында құқық бұзушылықтың тұрақты түрде төмендетуі болып табылады.     

Сонымен қатар азаматтардың құқықтық санасын жоғарлату мақсатында, Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасымен мобильді қосымшада «Прокурордың 100 кеңесі» анықтамасы әзірленген. Бұл әдебиет азаматтарға өздерінің заңды құқықтрын және бостандықтарын қорғауды жүзеге асыру мақсатында қолдануға арналған.      

Осыған орай, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында құқық бұзушылықтардын профилактикасын күшейту, тұрмыстық қылмыс фактілерінің дәрежесін түсіру және оларды жою үшін, басқа да уәкілетті органдармен бірігіп, сонымен қатар барлық қоғамның да күш біріктіруі маңызды.      

 

Аида Сыздыкова,

Бурабай ауданы прокуратурасының прокуроры

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу