Прокуратура сервистері

29 наурыз 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Прокуратура органдарымен заң бұзушылық фактілер туралы мәліметтерді құрайтын арыздар, шағымдар және басқа да өтініштер олардың өкілеттіліктеріне сәйкес шешіледі.

Азаматтарға берілетін негізгі ұсыныстар, олардың құқықтары бұзылған жағдайда, өтініштерде қойылған сұрақтарды шешуге құзыретті органға немесе лауазымды тұлғаға тікелей өтініш білдіру болып табылады. Азаматтың бұндай құқығы Қазақстан Республикасы «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңымен бекітілген.    

Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін, прокуратура сервистері құрылып, олар азаматтардың құқықтарын қорғауға септігін тигізеді. 

Service.pravstat.kz сайтында ЭЦҚТ арқылы Сіз, қылмыс жайында өтініш беріп, сонымен қатар мемлекеттік органның түбіртегіндегі нөмірі бойынша Сіздің өтініштіріңіздің қарастырылу нәтижелері және оны тіркеу туралы ақпаратты біле аласыз.  

115 тегін нөмірі бойынша Сіз, прокуратурамен Сіздің өтініштіріңіздің қаралу барысы туралы, сұрақтар бойынша өтініш білдіріп, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының пошталық мекен-жайлары, олардың орналасуы, сенім телефондары туралы және басқа да ақпараттарды біле аласыз.   

Өтініш қабылданбаған, тіркелмеген немесе өтінішті қарау мерзімі сақталмаған жағдайда, сонымен қатар тұлға лауазымды тұлғаның шешімімен келіспеген жағдайда, өтінішті берген тұлға, қылмыстық құқық бұзушылық туралы өтінішті қабылдаудан бас тартылғаны жайында шағыммен, сонымен қатар сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бастапқы кезінде, тергеп-тексеру мерзімін үзу, қылмыстық істі қысқарту кезінде заңның бұзылуы және лауазымды тұлғаның жағынан басқа да құқық бұзушылықтың жіберілуі туралы, ҚР ҚПК 106 бап. тәртібінде лауазымды тұлғаның әрекетіне (әрекетсіздігіне) сотқа шағымдануға құқылы.      

 

Бурабай ауданы прокуратурасының прокуроры Розика Сәлімова