«Прокурордың наразылығы бойынша азамат В.В.Лоосқа қатысты ақтау үкімінің күші жойылды»

01 маусым 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

В.В.Лоос, 2016 жылдың 15 наурызында Сандықтау ауданының Балкашино кентінде спирт ішімдіктерін ішу барысында В.Н.Тыщенко мен В.Я.Шеслерге қасақана ауыр дене жарақаттарын келтіріліп, салдарынан В.Н.Тыщенконың қаза табуына кінәланды.

Сандықтау аудандық сотының 2016 жылғы 7 қарашадағы үкімімен В.В.Лоос әрекеттеріндегі қылмыс құрамы дәлелденбегендіктен ақталған болатын.

Осы үкімге прокуратурамен апелляциялық наразылық келтірілді.

Мемлекеттік айыптаушының қағадитатты көзқарасы мен тандалған тактикасының арқасында, апелляциялық сатыдағы сот прокурордың наразылығын қанағаттандырды, оны кінәлі деп танып қылмыскерді 4 жыл 5 айға бас бостандығын айыру орнына жіберді.

 

 

Басқарманың аға прокуроры                                           Б.Әльмағамбетов

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу