«Прокурордың соттағы рөлі»

08 маусым 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Шортанды аудандық сотының 2016 жылғы 30 қыркүйектегі үкімімен Ш.Ш.Мұратов жеке сот орындаушысының уәкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін сотталған. Ол жылжымалы мүлікті борышкерден өндіріп алушыға заңсыз беруде айыпталды.

Алайда, апелляциялық сотта жеке сот орындаушысының өзіне берілген құқықтың және міндеттердің шеңберінде әрекет еткені анықталды.

Соған байланысты прокурор іс материалдарының негізінде, ар-ұждан және заңның беріктігі түсініктерін басшылыққа алып, қылмыс құрамының болмауына байланысты мемлекеттік айыптауды қолдаудан бас тартты.

Осылайша, Ақмола облыстық соты сот алқасының 2017 жылғы 05 маусымдағы үкімімен Ш.Мұратов ақталды.

Мемлекеттік айыптаушының рөлі адамның қандай бір әрекеттегі кінәсін дәлелдеу ғана емес, сондай-ақ сотты заңды әрі әділ шешім шығару үшін маңызды белгілерге бағдарлау.

 

 

Ақмола облысының прокуратурасы