Сарсаңға салудың жолын кесу – қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын сақтаудың кепілі

24 ақпан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2016 жылдың 19 қаңтарында облыс прокуратурасының 2-Басқармасымен «Сарсаңға салудың жолын кесу – қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын сақтаудың кепілі» пилоттық жобасы таныстырылды.

Жобаның негізі және мақсаты ішкі істер органдарының қызметіндегі жүйелі бұзушылықтарды анықтау және проблемалы мәселелерді белгілеу, ведомстволық бақылауды күшейту, қылмыстық істерді тергеу сапасын арттыру болып табылады.

Жобаға сәйкес жүзеге асыру қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарға бөлінді.

Бар проблемаларды жеңу үшін, көптеген қылмыстық істерді (2 айдан астам 126 іс, 3 айдан астам 38 іс, 6 айдан астам 31 іс және 9 айдан астам 19 іс) ұзақ тергеу себептерін анықтау бойынша басым міндеттер қойылды.

Атқарылған жұмыстың барысында бір ай ішінде өндірістегі істердің саны екі есеге азайды (1355-тен 748-ге дейін).

Қылмыс белгілерінсіз басталған 156 іс тоқтатылды, қабылданған шешімдердің күшін жою азайды, СДТБТ материалдарды тіркеуді келісуге қол жеткізілді, тергеу әрекеттерін жүргізбестен өндірісте болғандардың ішінен 150 іс өндіріспен үзілді.

Соның аясында, прокурормен тергеу мерзімін үзу туралы қаулылардың және қылмыстық істерді тоқтату туралы қаулылардың күшін жою санының азаятыны күтілді. 2016 жылдың қарашасында тергеу мерзімін үзу туралы 18 қаулының (10 айда 175) және қылмыстық істерді тоқтату туралы 15 қаулының (10 айда 385) күші жойылды.

Қазіргі уақытта Көкшетау қаласы ІІБ лауазымды тұлғалары қала прокуратурасымен келісіп өткен тәуліктегі қылмыстық құқық бұзушылықтарды СДТБТ тіркеу заңдылығына күн сайын тексеріс жүргізуде.

Сотқа дейінгі тергеуді сарсаңға салу фактілерін жою мақсатында, Көкшетау қаласы прокуратурасының және ІІБ қызметкерлеріне тергеушілердің және анықтаушылардың өндірісіндегі істерге онкүндік сайын мониторинг және салыстырып тексеру жүргізу тапсырылды.

Ұқсас жұмыс 2017 жылыдң 1қаңтарынан облыстың басқа аймақтарында да басталды.  

Ақмола облысы прокуратурасының 2-Басқармасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу