«Б» корпусының бос мемлекеттiк әкiмшілiк лауазымына орналасуға ішкі конкурс

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Конкурс түрі: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Административного государственного служащего

«Ақмола облысының прокуратурасы» ММ (индекс 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Біржан сал көшесі, 45, кабинет 207, анықтама телефоны- 8(716-2) 25-05-93,факс-8(716-2) 25-05-93 электронды мекенжай 7162380@prokuror.kz барлық мемлекеттік органның  қызметшілер арасындағы «Б» корпусының бос  мемлекеттiк әкiмшілiк лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

1. Ақмола облысының прокуратурасы қаржы және ақпараттандыру бөлімінің бас маманы, санаты «С-О-5», 1 бірлік.

Лауазымдық еңбекақы еңбек өтіліне байланысты 108 306 теңгеден 146 177 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:  тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын жасайды және басшылыққа бекітуге ұсынады, бюджеттік бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізеді. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жобаларын қарауға қатысады. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің сақталуын бақылайды, ағымдағы жылға тауарлар, жұмыстар мен қызметтер нарығын зерделейді. Конкурстық құжаттамалардың және Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу үшін қажетті өзге де құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысады. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардан міндеттемелер бойынша қаржыландыруға ұсынылатын құжаттарға қаржылық сараптама жүргізуді ұйымдастырады; өткізілген сатып алу нәтижелері бойынша талдау материалдарын дайындайды. Заңды және жеке тұлғаларға шағымдар, талап арыздарды рәсімдейді және ұсынады. Бақылаушы, құқық қорғау органдарымен, барлық деңгейдегі соттармен және басқалармен өзара байланысты қолдайды. Ақпараттық ресурстар қауіпсіздігінің мониторингін қамтамасыз етеді, прокуратура органдарының қамтамасыз ету жөніндегі ағымдағы мәселелерді шешеді. Интернет желісінде прокуратура органдарының Веб-сайтын техникалық қамтамасыз етеді. Мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша, прокуратура органдарының телекоммуникациялық жүйелерінде ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуді, сондай-ақ олардың жұмыс істеу процесінде заңсыз араласуды болдырмау бойынша іс-шараларды ұйымдастырады. ҚР БП-мен және басқа да мемлекеттік органдармен БКБ жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады. Басшылықтың, бөлім бастықтарының өзге де тапсырмаларын орындайды.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: экономика және бизнес немесе құқық, техника және техникалық ғылымдар саласындағы ЖОО кейінгі немесе жоғарғы білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде жүргізіледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

         Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) белгіленген нысан бойынша өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Құжаттар Ақмола облысы прокуратурасы органдары сайтында ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде ұсынылуы қажет.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде Ақмола облысы прокуратурасында өтеді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Б» корпусының мемлекеттік
 әкімшілік лауазымына
 орналасуға конкурс өткізу
 қағидаларына 2-қосымша 

 

Нысан

________________________

________________________

________________________

________________________
 (мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

 Мені___________________________________________________________
_________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын
қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен
келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

______________________________________________________________
_________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
 Мекен жайы және байланыс телефоны __________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________

___________                         _________________________________________
 қолы                                               (Тегі, аты, әкесінің аты(болған жағдайда)

 

«___»_______________ 20 __ ж.