Ақмола облысының прокурордың бірінші орынбасары Малахов Владимир Михайлович

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 19 ақпандағы бұйрығымен Владимир Малахов Ақмола облысы прокурорының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

Владимир Михайлович Малахов 1977 жылы Көкшетау қаласында туды. Қазақ мемлекеттік заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша және Атырау мұнай және газ университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 2002 жылы бастаған.

Осы уақытқа дейін Ақмола облысы прокурорының орынбасары қызметін атқарды.

Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.