Ақмола облысының прокурордың орынбасары Бердіқұлов Жандос Бибосынұлы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 наурыздағы бұйрығымен Жандос Бердіқұлов Ақмола облысы прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Жандос Бибосынұлы Бердіқұлов 1979 жылы Жамбыл облысында туды. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 2000 жылы бастаған.

Әр уақытта Тараз қаласы прокурорының орынбасары, Жамбыл мамандандырылған прокуроры, Мойынқұм және Талас аудандарының прокуроры қызметтерін атқарды.

Осы уақытқа дейін Жамбыл облысы Шу ауданаралық прокуроры қызметін атқарды.

Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.