Ақмола облысының прокурордың орынбасары Сыздықов Данияр Нұрділдәұлы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас Прокурордың 2019 жылғы 19 қарашадағы бұйрығымен Ақмола облысы прокурорының орынбасары болып Данияр Нұрділдәұлы Сыздықов тағайындалды.

Д.Н. Сыздықов 1978 жылы Қызылорда облысында туған.  Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Прокуратура органдарында қызметін 2002 жылы бастаған.

Әр уақытта Қызылорда қаласының прокуроры, Қостанай, Ақтөбе облыстары прокурорының орынбасары қызметтерін атқарды.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының аға көмекшісі қызметін атқарды.

Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.