Ішкі істер бөлімінде орналасқан «Прокурор кабинеті»

18 қазан 2012 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Респбликасының Бас Прокурорының Бұйрығымен №57 18.10.2005 жылы «Қылмыстық ізге түсу органдарында орналасқан «Прокурор кабинеті» бойынша Прокуратура қызметкерлерінің кезекшілік тәртібін ұйымдастыру туралы» Ережесі бекітілген.

Аталған Ережеге сәйкес, Ақмола облысы Ерейментау АІІБ ғимаратында орналасқан «прокурор кабинеті» Ерейментау аудандық прокуратурасының жедел қызметкерлермен кезекшілік ұйымдастырылған.

Ерейментау АІІБ ғимаратының кіре берісіндегі ірге тақтасында кезекшілік бойынша барлық қажетті ақпараттар және Ерейментау аудан прокуратурасының жедел қызметкерлерінің кезекшілік кестесі, «прокурор кабинеті» орналасқан.

Аудан прокуратурасының күнделікті кезекшілік уақытында «Прокурор кабинетінде» азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады, қылмыстық ізге түсу органдарының шешімдеріне және іс-әркеттеріне қатысты жазбаша арыздарын қабылдайды.

Азаматтардың шағымдарының қаралуы және тіркелуі, қабылдау тәртібі жөнінде түсіндіріп кетсем.

Сонымен, жасалған не дайындалып жатқан қылмыс туралы ақпарат түскен кезден бастап және арыз-шағымдарды қарап, тіркеуді қылмыстық ізге түсу органдары міндетті түрде дереу кабылдау керек.

Қылмыстық ізге түсу органдары тікелей арызданушыларға, арыздарының тіркелгендігі туралы талон беріледі, талонда арыздың тіркелген уақыты және оны қабылдаған тұлғаның аты-жөні көрсетіледі. Егерде қылмыстық ізге түсуші органдар арыз қабылдаудан бас тартқан жағдайда, қандай себеппен арыз қабылдаудан бас тарталғаны туралы жазбаша түрде арызданушыға хабарлауға міндетті.

Құрметті азаматтар Сіздердің арыз-шағымдарыныңызды қылмыстық ізге түсу органдары қабылдаудан, тіркеуден бас тартқан жағдайда және басқа да сұрақтарыңызбен кезекші прокурорға шағымдануға құқықтарыңыз бар.

Ерейментау ауданы прокуратурасының күнделікті жедел қызметкерлерінің Ерейментау АІІБ-нің кіре беріс ірге тақтасында көрсетілген кезекшілік тізімі бойынша, кезекші прокурорғамына байланыс телефондары арқылы хабарласа аласыздар: (8-716-33) 2-14-57, 2-20-03.

Ақмола облысы Ерейментау ауданы прокурорының көмекшісі  3-ші сыныпты заңгер Н. Айдынбаев

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу