Жасырылған қылмыстар прокуратура назарында

18 қазан 2012 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ата заңымызға сәйкес, Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет болып табылады.

Бұл заңның үстемдігі басым болып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуына айрықша көңіл бөлінеді деген сөз.

Дегенмен де, жасыратыны жоқ, құқық қорғау органдары арасында азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуы фактілері жиі кездесіп тұрады. 

Айтар болсақ, аудандық ішкі істер бөлімінде азаматтардан келіп түскен арыз шағымдарды арнайы журналға тіркемеу деректері әр жылда қайталанып отыр. Бұл заң тілімен айтқанда, қылмысты көпе-көрнеу қылмысты жасырып, қылмыскерлердің одан әрі алшаңдауына жол беру болып табылады. 

Мысалы: 23.04.2012 жылы Ерейментау АІІБ-не арызданып келген азаматша Е.В.Гниненконың пәтерінен азамат О.В. Ураковтың азаматша Гниненконың ұялы телефонын ұрлау фактісі бойынша арызын Ерейментау АІІБ-нің УПИ-ры Р. Шушаков қабылдап, түскен арызды журналға тіркемеген.

Азаматша Е.В. Гниненко 03.05.2012 жылы аудандық прокуратураға 23.04.2012 жылы пәтерінде ұрланған ұялы телефоны бойынша Ерейментау АІІБ-не жазған арызына АІІБ-нің УПИ-ры Р. ешқандай шара қолданбағаны бойынша арызданды.

Осыған байланысты, аз. Е.В. Гниненконың пәтерінен ұялы телефонының ұрлану фактісіне сәйкес, аз. О.В. Ураковтың іс әрекетінде ҚР ҚК-нің 175 бабының 1 бөлігінде көзделген ұрлық, яғни бөтен мүлікті жасырын ұрлау қылмыс құрамының болуына байланысты, аудандық прокуратурамен 05.05.2012 жылы аталған арыз негізінде жинақталған құжаттар бойынша аз. О.В. Ураковқа қатысты ҚР ҚК-нің 175-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, қылмыстық іс анықтау амалдарын жүргізу үшін Ерейментау АІІБ-не жолданып, қазіргі кезде қылмыстық іс прокуратурамен қылмыстық істі Ерейментау аудандық сотына қарауға жіберілді.

Аталған заң бұзушылықтар Ерейментау АІІБ-нің УПИ-ры Р. Шушаковтың өз қызметтік міндеттерін салғырт және жауапсыздықпен қарау салдарынан орын алған.

Осыған сәйкес, қылмысты жасыру фактісі бойынша, заң бұзушылықтарға жол берген Ерейментау АІІБ-нің УПИ-ры Р. Шушаковқа қатысты жинақталған құжаттар Ақмола облысы, Целиноград аумағы бойынша ауданаралық қаржы полициясына заңды шешім қабылдауға жолданды.

Жалпы қылмысты жасыру дерегі тиылмай отырғандығы прокуратура органдарын алаңдатпай қоймайды. Сондықтан бұл бағытта тексеру және қадағалау шаралары күшейтіле бермек. 

Ақмола облысы Ерейментау ауданы прокурорының көмекшісі Н. Айдынбаев

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу