Бурабай ауданының прокуратурасы коммуналдық қызметтер тарифтерінің төмендеуіне қол жеткізді

15 наурыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бурабай ауданының прокуратурасы коммуналдық қызметтер тарифтерінің төмендеуіне қол жеткізді - 1968802196

Прокуратура актісі бойынша ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап Бурабай және Оқжетпес кенттерінің тұрғындары үшін бірқатар Коммуналдық қызметтерге өтемақы тарифтері енгізіледі.

Атап айтқанда, суды беру бойынша орташа тариф 129 теңгеге немесе 82%-ға (1м3 үшін 157,58-ден 28,09 теңгеге дейін), жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау бойынша 42 теңгеге немесе 30,6%-ға (1м2 үшін 137,7-ден 95,63 теңгеге дейін), ал сарқынды суды бұру бойынша 5 теңгеге немесе 7,8%-ға (1 м3 үшін 57,12-ден 52,62 теңгеге дейін) төмендеді.

Бұл «Бурабай Тазалық» ШЖҚ МКК қызметін тексеру қорытындысы бойынша мүмкін болды, онда аудан прокурорлары тарифтерді қалыптастыру және көрсетілетін қызметтер үшін төлем есептеу кезінде 60 миллион теңгеден астам сомаға заң бұзушылықтар анықталды.

 7 Мыңнан астам абонент үшін өтемдік тарифтер бір жылға енгізіледі.

 

                                  Ақмола облысының прокуратурасы

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу