Жарқайың ауданының прокуратурасы сумен жабдықтау қызметтеріне тарифтердің қалыптастыруын тексерді

05 шілде 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Жарқайың ауданының прокуратурасы сумен жабдықтау қызметтеріне тарифтердің қалыптастыруын тексерді - 499043137

Прокуратура актісі бойынша а.ж. 1 шілдесінен бастап Жарқайың ауданының тұрғындары үшін су төлемі төмендетілді.

Бұл "Коммунсервис" ШЖҚ МКК қызметіне тексеру жүргізгеннен кейін мүмкін болды, оның барысында аудан прокурорлары сумен жабдықтау қызметтеріне бағаның өсуіне ықпал еткен бұзушылықтарды анықтады.

Атап айтқанда, шығыстар бабына 1,5 млн.теңгеден астам салық негізсіз енгізілді.

Қадағалау шараларымен қолданыстағы тариф 51 теңгеге немесе 25% - ға төмендеді (1 м3 су үшін 200 теңгеден 149 теңгеге дейін).

5 мыңнан астам тұтынушылар үшін өтемдік тарифтер бір жылға енгізілді.

 

Ақмола облысының прокуратурасы

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу