Тарифтерді негізсіз көтергені үшін кінәлі тұлғалар жазаға тартылды

23 тамыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Тарифтерді негізсіз көтергені үшін   кінәлі тұлғалар жазаға тартылды   - 2111760041

 

2018 жылы Ақмола облысының прокуратурасы облыс орталығының жылумен қамтамасыз ету саласындағы монополия субъектісі - Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК тексеру жүргізуге бастамашылық етті.

        Тексеру нәтижелері бойынша қадағалау органымен аумақтық монополияға қарсы ведомствоның бірқатар лауазымды тұлғаларына және жылумен жабдықтау ұйымының басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді.

        Тергеп-тексеру барысында монополистің жылу энергиясын өндіруге жұмсалатын шығындарды аса көтеру жолымен 1,3 млрд. теңгеден асатын заңсыз кіріс алуы анықталды.

        Сонымен қатар, табиғи монополияларды реттеу туралы заңнама талаптарын бұза отырып, көмір стратегиялық тауар өндірушілерден емес, Көкшетау қаласындағы делдалдардан сатып алынғаны анықталды.

        Жоғарыда көрсетілген жылу үшін артық өндіріліп алынған соммалар монополияға қарсы органмен уақтылы анықталмады және жылумен жабдықтау бойынша тарифтерді төмендету арқылы қала тұрғындарына өтемақы төленбеді.

Облыс прокуратурасының қабылдаған шаралары нәтижесінде Ақмола облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаменті бір жыл мерзімге жылумен жабдықтау қызметтеріне өтемақы тарифін енгізу туралы бұйрықты бекітті және 2018 жылдың 1 желтоқсанынан бастап облыс орталығының тұрғындары үшін жылу төлемі 37%-ға төмендеді, осымен 48 мыңнан аса тұтынушылардың құқықтары қорғалды.

Ағымдағы жылдың 30 шілдесінде Көкшетау қалалық сотының үкімімен монополияға қарсы органның лауазымды тұлғалары қызметтік міндеттерін салғырт орындағаны үшін кінәлі деп танылып, Департаменттің бұрынғы басшысына 300 АЕК көлемінде айыппұл салу, оның орынбасары мен бөлім бастығына 6 айға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды, ал «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК бұрынғы бас директоры және оның орынбасары қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланғандары үшін  кінәлі деп танылып, тиісінше әрқайсысына 500 АЕК және 200 АЕК көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындаумен, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмірлік айырылды.

        Сот үкімі заңды күшіне енді.

 

 

Ақмола облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу