Прокуратураның араласуынан кейін Бурабай ауданының мұғалімдеріне тиісті үстеме ақы төленді

20 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Прокуратураның араласуынан кейін Бурабай ауданының мұғалімдеріне тиісті үстеме ақы төленді - 144008191

Бурабай ауданының прокуратурасы мектеп қызметкерлерінің еңбек құқықтарының сақталуын тексеріп, 408 педагогке ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істегені үшін қосымша ақы төленбегенін анықтады.

Екі жыл бойы мұғалімдер базалық лауазымдық жалақыға 40% үстеме алмаған. 2017-2018 жылдары берешек 1,8 млн.теңгеден асты.

Қадағалау актісі бойынша педогогтардың конституциялық құқықтары қалпына келітірлді, барлық сома төленді.

Атап өту керек, жыл ішінде аудан прокуратурасымен қабылданған шаралар нәтижесінде «Агрофирма Веденовка» ЖШС және «Агрофирма Бурабай-2007» ЖШС-нің 329 қызметкерлердің алдында 44 млн.теңгеден астам сомаға еңбекақы бойынша берешегі өтелді.

Жалақыны уақытылы төлемегені үшін жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу