Көкшетау қаласында көрінеу жалған айғақтар бергені үшін жәбірленуші сотталды

21 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Өкінішке орай, жиі кездесетін жағдайлардың бірі – процеске қатысушылардың сот және тергеу барысында көрінеу жалған айғақтардың беруі, бұл ретте көрінеу жалған айғақтар бергені үшін кінәліге 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төнеді. 

ҚР Қылмыстық Кодекстің қылмыстық процестің жосықсыз қатысушыларына қатысты 2-бап қарастырылған, оның ішінде, «Көрiнеу жалған сөз жеткiзу» 419-бабы және «Сарапшының, маманның көрiнеу жалған айғақтары, қорытындылары немесе қате аударма» 420-бабы. Ағымдағы жылы Көкшетау қалалық сотта көрінеу жалған айғақтар берудің 1 фактісі қаралды, бұл ретте, кінәлі шартты 5 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза алды.

Мәселен, 2019 жылдың 28 ақпанында ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлімінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі азамат Д. қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы барысында азамат С. азамат Д.- мен достық қарым-қатынас кезінде, жәбірленуші ретінде соңғыны қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында, жалған айғақтар берген. Жәбірленуші көрсеткендей, 2018 жылғы 14 желтоқсанда оған пышақпен зақым келтірген азамат Д. емес, пәтерге кірген белгісіз адам екенін айтқан. Сотпен анықталғандай, Көкшетау қаласының жалдамалы пәтерде жәбірленуші азамат С.-тің арқасына ас бөлме пышағымен соққы жасаған азамат Д. болған, осыған орай оның денсаулығына ауыр зиян келтірген. Бұл ретте азамат С. сотта ауыр қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша көрінеу жалған айғақтар берген.

Жекеленген жосықсыз куәгерлер, жәбірленушілер және басқалары басшылыққа ететін себептер әр түрлі. Негізінен, бұл істің басқа фигуранттарына жеке немқұрайлылық немесе оның белгілі бір нәтижесіне жеке қызығушылық. Осылайша, кейбір азаматтар қылмыскерлерді қорғауға ұмтылады, ал кейбіреулері керісінше, олардың жағдайын нашарлату үмітпен реніштерін жеткізуге тырысады. Үшіншілері өз мінез-құлқының көрінбейтін жақтарын алдамшы және басқаларына жапсырмалар іле отыра, қоршаған ортаның алдында өздерін жақсы жағынан көрсетеді. Төртіншілер әділдік пен өтемділік ұғымдарын өз бетінше түсінеді, сондықтан  күдіктілерді айтады.  Сонда нәтижесінде не болады? Тергеу жалған із бойынша жолданады, нағыз қылмыскерлерді ұстауға арналған қымбат уақытты жоғалтады, сот қате үкім шығарады. Сондықтан  кінәлі заңда көзделген жауапкершілікке тартылуға міндетті,  қылмыс,  ашу-ыза кезде, жасалған болмашы теріс қылық немесе стресс кезінде жасалған жалған куәландыруды елемей қалдыруға болмайды.

Кез-келген куәгер мен жәбірленушіден жауап алу алдында полицияда немесе сотта жалған құжаттарды бергені үшін жауапкершілік туралы ескертіледі, бұл туралы хаттамаға қол қойылады. Өкінішке орай, бұл жағдай, олардың кейбірін әрдайым тоқтатпайды. Өз мүдделерін басшылыққа ала отырып, процестің кейбір қатысушылары ашық түрде жалған айтып,  бұл ретте, полициялар олардың сөздеріне сеніп, олардың ақпараттарын тексермейді деп санайды. 

Жалған куәгерлерге қатысты жеке сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Куәгерге тергеу барысында процестің маңызды қатысушысы жалған айғақ беру үшін не себеп болғанын анықтау қалады. Бұл іс барысында оның жеке қызығушылығының болуы, психиканың дертті жағдайы, процеске қатыспаудан әдейі қашу немесе сот я болмаса тергеу органдарына көмектеспеу болып табылады. Сондай-ақ,  бопсалау, сатып алаларда немесе қорқытуда көрінетін мүдделі адамдардың тарапынан куәгерге ықпал етуді естен шығармау керек.

Сондықтан, жалған айғақтар оңай қолдан кетуі мүмкін деп ойлауға болмайды. Жалған айғақтар беру алдында мүмкін болатын салдарлар туралы 10  рет ойлану керек және айқындықты анық түсіну, жалған тергеу қоғамдық қауіптілікті қиындатады, тергеу және анықтау  мерзімдерін созады, ақиқатқа қол жеткізуге кедергі келтіреді және кінәлі тұлғаларды жауапкершіліктен жалтаруға немесе кінәсіз тұлғаларды соттауға әкеп соғуы мүмкін.

 

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу