Әкімшілік заңнама новеллалары

13 ақпан 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Әкімшілік заңнама новеллалары - 1599183729

Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 16 қаңтарында күшіне енген «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.

Енгізілген өзгерістер мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін жазаны күшейтті. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608, 613-баптарының санкциялары көлік құралын басқару құқығынан айыру мерзімін ұлғайта отырып, қамауға алу түріндегі жаза салумен толықтырылды.

Егер бұрын алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде болған тұлға 3 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылса, жаңа өзгерістер бойынша бұл құқық бұзушылық үшін көлік басқару құқығынан 7 жылға айыруды және 15 тәулікке әкімшілік қамауға алуды көздейді.

Мысалы, 2020 жылдың 24 қаңтарында түнгі сағат 03:00 шамасында Көкшетау қаласында Б. азаматы мас күйінде көлік жүргізді, ол жол жүру Ережелерінің 2-бөлімі 4-т. 2-т. бұзды.

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен азамат Б. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 7 жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айыра отырып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Адамның жарақаттануына, өліміне әкеп соққан және жолдағы автокөліктер мен құрылыстарға мүліктік залал келтіруге әкелетін жол-көлік оқиғаларының көп бөлігі адамдар алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде жасалатындығы көпшілікке белгілі.

Аса қатаң шаралар азаматтардың жауапкершілігін арттыруға, олардың құқықтық санасын өзгертуге бағытталған. Мұндай жазаға тартылған азаматтар көлікке мас күйінде отырар алдында өздерінің мінез-құлқын қайта қарап, бұл туралы ойланады.

 

Сонымен қатар, жаңа өзгерістер түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлды 2 есеге арттырды (23-сағаттан таңғы 6-ға дейін), оның ішінде жеке тұлғалардың қалыпты демалуына мен тыныштығына кедергі келтіретін тұрғын үйлерде және одан тыс жерлерде шу туғызатын шұғыл емес жұмыстарды орындау.

Яғни, егер бұрын түнгі тыныштықты бұзғаны үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынса, қазір бұл бұзушылық үшін 20 айлық есептік көрсеткіш қарастырылған, ол 53 020 теңгені құрайды.

 

 

Облыс прокуратурасының Басқарма прокуроры

М.Б. Байболова