Ақмола облысы Аршалы ауданының прокуроры тағайындалды

07 сәуiр 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы  6 сәуірдегі бұйрығымен Талғат Оспанов Ақмола облысы Аршалы ауданының прокуроры лауазымына тағайындалды.

Талғат Жақыпбекұлы Оспанов 1979 жылы Қарағанды облысында дүниеге келді. «Фемида» заң институтын бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 2002 жылы бастаған.

Әр уақытта Есіл ауданының, Степногорск және Көкшетау қалалары прокурорының орынбасары қызметтерін атқарды.

Осы уақытқа дейін Ақмола облысы прокурорының көмекшісі қызметін атқарды.

Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.

 

 

Ақмола облысының прокуратурасы