Жалақы бойынша берешек төленді

26 маусым 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Степногорск қаласының прокурорының жеке қабылдауына «Шестой СТ» өндірістік кооперативтің өкілдері жүгінді.

Қала тұрғындары кәсіпорын басшысын қайта сайлау туралы шешімді заңдастыра алмайтынына шағымданды. Нәтижесінде, банк шоттарына қол жетімділіктің болмауына байланысты 25 қызметкер жалақы ала алмауда.

Прокуратураның үйлестіру шаралары арқылы мәселе бір күннің ішінде шешілді. Өтініш білдіргеннен кейін келесі күні кооператив қызметкерлеріне жалақы төлене бастады.

Жалпы Ақмола облысы бойынша ағымдағы жылдың басында жалақы бойынша берешек 1 мың қызметкерге 220 млн. теңгеден астам соманы құрағанын атап өткен жөн.

Мерзімі өткен берешектің негізгі үлесі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына тиесілі.

Прокурорлар қабылдаған ден қою шараларымен берешек бірнеше есеге азайған. Бүгінгі күні 100 қызметкер алдындағы берешек 15 млн. теңгені құрайды.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

 

 

 

Ақмола облысының прокуратурасы