Заңсыз ағаш кесу бойынша баспасөз хабарламасы

11 тамыз 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы табиғатты қорғау прокуратурасының талабы бойынша Сандықтау ауданының аумағында заңсыз ағаш кесу фактілерін анықтау бойынша рейдтер жүргізді.

Ағымдағы жылдың 8 тамызында Үлкен Түкті орман шаруашылығы мекемесінің аумағында инспекторлармен «Қарағай» тұқымдас ағаштарды заңсыз кесу фактісі анықталды.

Оқиға орнына Сандықтау ауданының полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылды.

Тексеру барысында мемлекеттік орман қоры аумағында Каменск орманшылығында 96 ағаш кесіліп, 9 жас ағаштың тамыры өсімінің тоқтау дәрежесіне дейін бүлінгені анықталды.

Үлкен Түкті орман шаруашылығы мекемесімен бұл ағашты кесуге рұқсат берілмеген.

Мемлекетке 700 мың теңгеден астам шығын келтірілген.

Сандықтау ауданының полиция бөлімі кінәлі тұлғаларды анықтау және жауаптылыққа тарту үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.