Ақмола облысы құқық қорғау оргындарының Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.

04 желтоқсан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Құқық қорғау органдарының Үйлестіру алқасында Ақмола облысы прокуратурасының заңдылықты, құқық тәртібін және қылмыспен күресті қамтамасыз ету бойынша қатарынан үш сұрақ қаралды.

Төтенше жағдайлар департаментінің жауапты қызметкерлері білім беру, денсаулық сақтау объектілерінің және басқа да адамдар жаппай жиналатын жерлерде өрт қауіпсіздігі жағдайы туралы баяндады.

Өрт қауіпсіздігі талаптарын тиісінше сақтамау туралы мектептер, ауруханалар және сауда ойын-сауық кешеніндері әкімшіліктеріне бір қатар ескертулер айтылды.

Отырыс барысында облыс тұрығындары жаппай баратын жаңадан құрылған кәсіпорындарды тексеру мәлелелері талқыланды.

Екінші болып, қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша мемлекетке келтірілген залалды өтеу мәселесі қаралды.

Мемлекеттік органдардың жұмысындағы жекелеген кемшіліктер нәтижесінде бюджетке 890 млн. теңгеден астам өндіріп алынбаған болып қалатыны атап өтілді.

Борышкерлермен жұмыстың уақтылы және тиімді әдістерін қабылдау үшін мүдделі тұлғалардың өзара іс-қимыл алгоритмі әзірленді.

Бұдан басқа, Бас прократураның тапсырмасы бойынша  Степногорск қаласында арнайы ведомствоаралық топ қылмыстық жағдайды зерттеді. Осы тексерудің нәтижелері көрсетілген отырыста қаралды.

Жалпы соңғы 3 жылдағы қылмыс динамикасы оның 45%-ға төмендегенін көрсетеді (2015 жылы 1375-тен 2018 жылы 744-ке дейін). Сонымен қатар, жеке тұлғаға қарсы ауыр қылмыстардың жоғары үлес салмағы байқалады (84)

Нәтижелер бойынша алдын алудың қосымша шаралары анықталды, сондай-ақ, Үйлестіру кеңесінің 2019 жылдың 1-жартыжылдығына жұмыс жоспары бекітілді.

 

Ақмола облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу