Ақмола облысы прокуратурасының алқа мәжілісінде пробация мәселелері қаралды

30 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Ақмола облысы прокуратурасының алқа мәжілісінде пробация мәселелері қаралды - 1830531517

Жұмыс барысында сотталғандарды қайта әлеуметтендіру мәселелері және алдын алу жұмысының әлсіздігінің себептері талқыланды.

Облыс бойынша пробация есебінде 1,8 мыңнан астам адам тұратыны атап өтілді. Олардың ішінде бас бостандығын шектеуге сотталған 983 тұлға, әлеуметтік жұмыстарға - 119 адам, шартты түрде - 227 адам.

Тек ағымдағы жылы аталған тұлғалармен 58 қайталанған қылмыстар жасалды. Прокурорлар пробация институттарын дұрыс қолданбау, полиция қызметкерлерінің тиімсіз жұмыс істеу фактілерін анықтады.

Уәкілетті органдардың өкілдері прокуратураның сыни ескертулері бойынша есеп берді және сотталғандарға көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық көмек туралы айтты.

Әкімдікке құқық қорғау органдарын материалдық-техникалық жарақтандыру және жұмыс орындарын уақтылы квоталау мәселелері қойылды.

Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша прокурорлық ықпал ету актілері енгізілді.

Талқылау нәтижелері бойынша пробация мен жергілікті полиция қызметінің бұзушылықтарын жою және қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар әзірленді.

Бірлескен жұмыс Жоспары бекітілді.

                        

Ақмола облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу