Ақмола облысы прокуратурасының қызметкерлері аймақ кәсіпкерлерімен кездесті

26 шілде 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Ақмола облысы прокуратурасының қызметкерлері аймақ кәсіпкерлерімен кездесті - 763270510

  Іс-шаралар жоспары аясында облыс прокуратурасы аймақтық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, облыс прокурорының орынбасары Қуаныш Әмрәлінің төрағалығымен аудан кәсіпкерлерімен кездесулер өткізді.

  Кездесулердің негізгі мақсаты - бизнестің жүйелік проблемаларын, бизнесті жүргізудегі әкімшілік кедергілерді анықтау.

Кездесулер «Ашық диалог» форматында ағымдағы жылдың   15- 24 шілдесі аралығында өтті.

Жалпы, прокурорлар облыстың 6 ауданында болды (Жарқайың, Есіл, Атбасар, Бұланды, Бурабай аудандары және Біржан сал ауданы).

Іс-шараға 500-ден астам кәсіпкер қатысты, сұхбат барысында олардан 120-дан астам сұрақтар түсті.

Сұрақтар ауқымы өте кең болды. Кәсіпкерлерді негізінен жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, субсидиялар, тауарларды сертификаттау және салық салу мәселелері қызықтырды.

Барлық сұрақтар бойынша тиісті түсініктемелер берілді, жеке өтініштер бойынша оларды шешу бойынша іс-шаралар жоспары жасалды, олар уәкілетті органдарға жіберілді.

Осылайша, шешілмеген мәселелер қадағалау органының бақылауына алынды.

Кәсіпкерлермен осы форматтағы жұмыс жалғасады.

 

Ақмола облысының прокуратурасы

 

Ақмола облысы прокуратурасының қызметкерлері аймақ кәсіпкерлерімен кездесті - 870077804

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу