Ақмола облысында Жарқайың ауданының прокуроры тағайындалды

12 маусым 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 11 маусымдағы бұйрығымен Дмитрий Гришин Ақмола облысы Жарқайың ауданының прокуроры лауазымына тағайындалды.

Дмитрий Геннадьевич Гришин 1984 жылы Ақмола облысында туды. Заманауи гуманитарлық академиясын «Заңтану» мамандығы бойынша бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 2012 жылы бастаған.

Жарқайын ауданы прокурорының көмекшісі, Есіл ауданы прокурорының орынбасары қызметтерін атқарды.

Сыныптық шені – 1 сыныпты заңгер.

 

 

Ақмола облысының прокуратурасы