Ақмола облысында жер учаскелерімен айла-амал жасаған кінәлілер сотталды

12 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Ақмола облысында жер учаскелерімен айла-амал жасаған кінәлілер сотталды - 1218948118

Ақмола облыстық сотының апелляциялық сатысы 2018 жылдың 28 қыркүйегінде Целиноград ауданында жер учаскелерімен алаяқтық әрекеттер туралы іс бойынша нүкте қойды.

2014-2015 жылдары ұйымдасқан топ (ауылдық округтердің бұрынғы әкімдегі, жер қатынастар, сәулет, әділет бөлімдерінің және ХҚКО қызметкерлері), жалған құжаттарды дайындау арқылы 250 жер учаскелерін мемлекеттік қордан шығарғаны және «жалған» адамдарға жеке меншік құқығын ресімдегені анықталды. 

Одан әрі бұл учаскелер нарықтық бағамен үшінші тұлғаларға сатылған.

Қылмыстық істі Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметі тергеді.

Сот 10 сотталушыны жер учаскелерін заңсыз бөлу және сату үшін құрылған ұйымдасқан қылмыстық топты ұйымдастыруда және қатысуда кінәлі деп таныды (ҚР ҚК-нің 235-бабының 1,2-бөліктері, 177-бабының 4-бөлігі, 190-бабының 3-бөлігі, 361-бабының 4-бөлігі, 369-бабының 1-бөлігі бойынша), және 5 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге нақты бас бостандығынан айыруға соттады.

Қалған 14 сотталушы жер учаскелерін мемлекеттік қордан заңсыз шығарған, сыбайлас жемқорлық қылмыстарды және ірі және аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған үшін (ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі, 361-бабының 1-бөлігі, 369-бабының 1-бөлігі бойынша) әртүрлі жаза мерзіміне сотталды.  

 

 

Ақмола облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу