Ақмола облысының прокуратурасы 1,5 млн. га астам пайдаланылмайтын жер учаскелерін анықтады

28 мамыр 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Ақмола облысының прокуратурасы 1,5 млн. га астам пайдаланылмайтын жер учаскелерін анықтады - 2115912587

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша уәкілетті органдардың атына прокурорлық ден қою актілері енгізілген.

Қадағалау ведомствосының актілерін орындау нәтижесінде мемлекеттік қорға көлемі 120 мың га жоғары, кадастрлық құны 1,8 млрд. теңгеден астам пайдаланылмайтын 170 жер учаскесі қайтарылды.

Сонымен қатар, жер учаскесін алып қою – бұл ең соңғы шара болып табылады.

Бастапқыда жер пайдаланушыға нысаналы мақсатына сәйкес жерді игеру шараларын қабылдау туралы жазбаша хабарлама тапсырылады.

Осылайша, прокуратура шаралары бойынша кадастрлық құны 5,3 млрд. теңге 657 мың га алаңында 500-ден астам учаскелерді игеру басталған.

Егер жер мақсаты бойынша ұзақ уақыт пайдаланылмаса, он еселенген салықты есептеу және жерді кейіннен мемлекеттік қорға қайтару туралы мәселенің шешілетінін еске саламыз.

Бұдан басқа, алып қойылғаннан кейін жеке немесе заңды тұлға жосықсыз жер пайдаланушылар тізіліміне енгізіледі, бұл жерді қайтадан алу мүмкіндігін болдырмайды.

Пайдаланылмайтын жер учаскелерін анықтау және мемлекетке қайтару жұмыстары жалғасуда.

 

 

Ақмола облысының прокуратурасы