Ақмола облысының прокуратурасы аймақтық волейбол ойындарынан жеңіске жетті

13 қараша 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Ақмола облысының прокуратурасы  аймақтық волейбол ойындарынан жеңіске жетті - 1731159643

2019 жылдың 11 қарашасында Щучинск қаласының «Жақсы» спорт кешенінде «Солтүстік» аймақтың прокуратура қызметкерлері арасында волейболдан біріншіліктің іріктеу кезеңі өтті, оған Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының командалары қатысты.

Іс-шара прокуратура органдарында дене шынықтыру мен спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және қызметкерлерді спортқа тарту аясында өтті.

Жеңісті Ақмола облысы прокуратурасының командасы еншісіне алды, екінші орынды Қостанай облысы прокуратурасының командасы, үшінші орынды Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының командасы жеңіп алды.

Жарыс соңында жүлделі орындарға ие болған командаларға кубоктар табысталды. «Үздік ойыншы», «Үздік байланыстырушы», «Үздік либеро» номинациялары бойынша ойыншылар естелік сыйлықтармен марапатталды.

28-29 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласында прокуратура органдарының қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Кубогы үшін волейболдан шешуші ойын өтеді.

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Ақмола облысының прокуратурасы  аймақтық волейбол ойындарынан жеңіске жетті - 86103689

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу