Ақмола облысының прокуратурасы Ғ.Б. Елемесовтің 90 жылдығына орай еске алу іс-шарасын өткізді

18 шілде 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Ақмола облысының прокуратурасы  Ғ.Б. Елемесовтің 90 жылдығына орай  еске алу іс-шарасын өткізді  - 1623987919

Көкшетау облысының тумасы Ғалым Бәжімұлы Елемесов ұзақ жылдар бойы ҚазССР прокуратурасын басқарды, сондай-ақ ҚазССР Жоғарғы Сотының Төрағасы болды. Өзінің 40 жылдан астам өмірін заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға арнап, республиканың құқықтық жүйесін дамытуға баға жетпес үлес қосты.

Оның құрметіне Көкшетау қаласында ҚР Бас Прокурорының орынбасары М.М.Ахметжановтың, Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Е.С. Мерзадиновтің, Ақмола облысының әкімі Е.Б. Маржықпаевтың, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот өкілдерінің, жергілікті атқарушы, құқық қорғау және мемлекеттік органдар басшыларының, прокуратура органдарының және сот ардагерлерінің, Ғ.Б. Елемесовтің достары мен туыстарының қатысуымен салтанатты мереке өткізілді.

Іс-шара Ғ.Б. Елемесовтің мүсінінің алдында ашылды, онда шақырылған қонақтар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, атақты жерлесін бір минут үнсіздікпен еске алды. Бас Прокурордың орынбасары, сот жүйесінің ардагері Т.С. Айсин, Ақмола облысының әкімі, ардагерлері, әріптестері мен туыстары өздерінің жылы сөздерін білдірді.

Іс-шара облыс прокуратурасының ғимаратындағы ҚазССР еңбегі сіңген прокурорға арналған мұражайда жалғасып, экспонаттарымен және оның жеке заттарымен танысты.

Сонымен қатар, шақырылғандарға Ғ.Б. Елемесовтің өмір жолына арналған деректі фильм көрсетіліп, ҚР көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері туралы естеліктер кітабы ұсынылды.

 

Ақмола облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу