Ақмола облысының прокуратурасы Халықаралық әйелдер күніне арналған жарыстарға қатысты

06 наурыз 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Ақмола облысының прокуратурасы  Халықаралық әйелдер күніне арналған  жарыстарға қатысты - 1725467045

Ағымдағы жылдың 5 наурызында Ақмола облысының прокуратура қызметкерлері «Динамо» спорт клубы ұйымдастырған жарыстарға қатысты.

Жарыс төрт түр бойынша өткізілді: Марголин тапаншасынан ату, орнынан ұзындыққа секіру, жеңіл жүгіру және күш жаттығуларының кешені.

Жарыстардың мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін дене шынықтырумен және спортпен тұрақты айналысуға тарту болды.

Облыс прокуратурасының қызметкері күш жаттығуларының кешенді сайысында 2-орынға ие болды.

Жарыс соңында жүлделі орындарға ие болған құқық қорғау органдарының командалары кубоктармен және дипломдармен марапатталды.

 

 

Ақмола облысының прокуратурасы