Ақмола облысының прокуратурасы кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша Ұтқыр топтардың жұмысын қайта бастады

12 желтоқсан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Мемлекет басшысы 2020 жылдың 1 қаңтарынан 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын және микрокәсіпорындарды тексеруге мораторий жариялады.

Ықтимал бұзушылықтар туралы өтініштерге жедел ден қою үшін Ұтқыр топтар құрылды.

Ұтқыр топтарға прокурорлардан басқа «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді, олар прокурорлармен бірге кәсіпкердің пікірі бойынша оның құқықтары бұзылатын мекенжайға дереу шығады.

Заңсыз тексерулер жүргізу фактілері бойынша:

-  облыс прокуратурасы басқармасының аға прокуроры Тілектес Ботақызы Шөкетаеваға: 25-48-94, 8-778-161-85-12 телефондары арқылы, эл. пошта: 7162313@prokuror.kz;

- облыс ҚСжАЕК басқармасы бөлімінің аға прокуроры Толқын Қуанышбекқызы Мұқашеваға: 76-18-02, 8-747-438-37-77 телефондары арқылы, эл. пошта: 7167222@kgp.kz;

- облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшығы Сандуғаш Мендығалиқызы Алшынбаеваға: 24-00-15, 8-708-751-79-29 телефондары арқылы, эл. пошта: depprom@aqmola.gov.kz;

- облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Расул Ермекұлы Сыздықовқа: 72-25-44, 8-701-798-74-47 телефондары арқылы, эл. пошта: r.syzdykov@atameken.kz;

- облыстық кәсіпкерлер палатасы бөлімінің бірінші санатты сарапшысы Назым Серікбайқызы Омароваға: 72-25-38, 8-701-767-02-83, эл. пошта: n.omarova@atameken.kz хабарласа аласыз.

 

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу