Ақмола облысының прокуратурасы құрамында алтыны бар кенді заңсыз өндіруге және айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өткізді

03 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Ақмола облысының прокуратурасы құрамында алтыны бар кенді заңсыз өндіруге және айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өткізді - 69303173

Ақмола облысының прокуратурасында «ҚазақалтынТМК» АҚ кәсіпорындарында құрамында алтыны бар кенді заңсыз өндіруге және айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтті.

Отырысқа облыстың құқық қорғау және арнайы органдарының бірінші басшылары, «Қазақалтын ТМК» АҚ және күзет ұйымдарының өкілдері қатысты.

Соңғы жылдары «Қазақалтын ТМК» АҚ кәсіпорындарында құрамында алтыны бар кенді заңсыз өндіру және заңсыз іздеушілердің қатысуымен, соның ішінде қару қолданумен даулы жағдайлардың жиілегені аталып өтті.

2017 жылы және ағымдағы жылғы 7 айда кеніштерде 9 мыңнан астам заңсыз іздеушілер ұсталды, кен өндеу бойынша 163 цех анықталды, 3,7 мың тоннадан астам құрамында алтыны бар кен және 240 килограмға жуық алтын алынды. 

Отырыс барысында құрамында алтыны бар кеннің заңсыз айналымына мүмкіндік туғызатын себептер және мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен қабылданған шаралар талқыланды. 

Уәкілетті органдардың, кәсіпорынның қауіпсіздік қызметінің және күзет ұйымының өзара іс-қимыл жасау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді, заңсыз іздеушілер анықталған жағдайда әрекеттер алгоритмі талқыланды.

Отырыстың қорытындысы бойынша құрамында алтыны бар кенді заңсыз өндіруге және айналымына қарсы іс-қимыл бойынша жаңа іс-шаралар жоспары бекітілді, құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін арттыру бойынша бірқатар шешімдер қабылданды.

 

Ақмола облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу